Көршіме тілек


Біз екеуміз құдай қосқан көршіміз,
Екі әулетті біріктірген елшіміз!
Туысқандай болып кеттік бұл күнң,
Еш бір қылық көрсетпедік ерсі біз.
 
Кездескенде нұр құятын санаға,
інім – сенсің,
Менмін саған – жан-аға!
Көршілікке ...............жыл боп қапты,
Бірге ұшырдық қанша шаттық-шағала.
 
Өмір барда егес те бар, ұрыс бар –
Жақсы жігіт айналасын дұрыстар.
Барыс, келіс үзілмейтін – тілегім,
Көрші тату болған жерде ырыс бар!
 
Көршім, сені қанша жылдан білемін,
Онда әлі бозбала едің, гүл едің.
Мына тойлар болсын тойлар бастауы,
Немере сүй, шөбере сүй – тілегім!




Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Амандықта ортамызда жүріңіз.
Жаратқаным жар боп сізге қашанда,
Сәттілікте өтсін әрбір күніңіз...

Арайлы таң қуанышын сыйласын,
Бар жақсысын өзіңізге жинасын.
Көңліңізде жайма шуақ жаз орнап,
Жаратқаным қуаныштан тыймасын.

Деніңіз сау, жастан жасқа жетіңіз,
Асулардан еш қиынсыз өтіңіз.
Арманыңыз, мақсатыңыз орналып,
Болмасыншы іштей қайғы-дертіңіз.




Басыңызға бақ қонсын,
Жүзіңіз тек күлімдеп.
Қайғы мен мұң болмасын,
Шаттықта боп үнің тек.

Бар жақсылық орнасын,
Әр күніңіз сәтті боп.
Бақыт тапсын жалғасын,
Көңіл-күйің жақсы боп.

Жаратқаным жар болсын,
Отбасыңыз боп аман.
Еш жамандық болмасын,
Сәтті болып әр қадам...




Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Бар жақсыны бір өзіңе арнаймын.
Жастан жасқа амандықта жете бер,
Әрбір күнің сәтті боп тек балдайын.

Жанарыңда қайғы-мұңың болмасын,
Қуанышқа толы болып әр күнің.
Туған күнің шаттығымен тербелеп,
Жақсылықтың сыйлай берсін барлығын.

Денсаулығың мықты болсын әрқашан,
Армандарың орындалып жоқ уайым.
Жаратқаным жар боп саған қашанда,
Ортамызда жүрші аман әрдайым.



Көршіге құттықтау

Аман болсын отбасың,
Бар жақсынц тілеймін.
Аман болып жақының,
Амандықта жүр деймін.

Орындалсын арманың,
Мақсатыңа жетелер.
Шыға берсін жақсы атың,
Қуанышқа кенелер.

Қайғы-мұың болмасын,
Жаратқаным жар болып.
Бар жақсылық орнасын,
Бақыт, шаттық бар болып.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. көршіге тілек
    көршіге тілек 13.05.2022 17:48
    0 + 0 -
    Жүзіңізде мұң болмай,
    Жанарыңыз күлсін тек.
    Көңіліңіз биік боп,
    Жүріңіз сіз күлімдеп.

    Қанатыңыз талмасын,
    Биіктерге самғайтын.
    Арманыңыз солмасын,
    Мақсатқа жол жалғайтын.

    Саулығыңыз мықты боп,
    Жадыраңыз күн сайын.
    Отбасыңыз аман боп,
    Күлімдеңіз жоқ уайым.