Үйлену тойында әпке тілегі

Үйлену тойында әпке тілегі

ӘПКЕНІҢ ТІЛЕГІ:

Жетсінші дер ем бауырды мен де баққа мың,

Тағдырың саған атқызсын әр кез ақ таңын.

Еркелей күлген елігі едің бір үйдің,

Сіңлім, сен де босаға бүгін аттадың.

Жаныңда енді өмірлік жолдас-қосағың,

Үмітпен күттің осынау күннің тосарын.

Босаға аттау - артады қызға көп міндет,

Сіңлім, соған жауапты қадам жасадың.

Бақыттың шоғын сезімдер енді үрлемек,

Береке, ырыс есікті қақсын күнде кеп.

Бауырлар үшін інінің жөні бір басқа,

Алысқа ұзар сіңлінің жөні бір бөлек.

Дер едім мен де отауың болсын еңселі,

Жұбайлық жолдың сыйластық қана өлшемі.

Қыз бала сол ғой, алыстан іздер бақытын,

Туған үйінің құп-құйттай ғана бөлшегі.

Ұмтылдың баққа, сол жолда тілек-бата алдың,

Өз бағасы бар шаңырақ деген отаудың.

Құсымыз едің еркелеп жүрген бір күнде,

Ұштың да кеттің, мінеки келін атандың.

Шыққызсын тауға қадамың осы жасаған,

Бауырың бүтін, болсыншы әр кез бас аман.

Шаңырағыңның уығы берік шаншылып,

Керегең кең боп, бақытқа толсын босағаң!

Атану келін - сіңіру бойға ар-қылық,

Ақ отау жақтан атсыншы әр кез таң күліп.

Жұбайлық өмір бақыттың әні екен ғой,

Ендеше, сол ән үзілмей тұрсын мәңгілік! (Ғабиден ҚОЖАХМЕТ)



Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу