Бастауыш 1,2,3,4 сынып: жаңа жыл туралы тақпақтар


Жаңа жылдық бастауыштағы 1, 2, 3, 4 сыныптағы балаларына арналған тақпақтарды ұсынамыз!




Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады.
Жып - жылтыр боп жатады.



Кел, балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын
Сыйлық алып қайтайық



 Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге, күлейік.



Қыс келгенде далама
Қызығып тек тұрамын
Ат жегіп алып шанама
Аппақ қармен зырлаймын.




  Не ойласаң жаңа жылда
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балақан




 О, керемет, керемет
Бейне аппақ көбелек
Ақшақар жай көлбеңдеп
Қонып жатыр жерге кеп




 Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз




Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр



Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса



 Дала нұр, қала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр


Қажетті сілтемелер:


 Қорықпаймыз аяздан
Шымшыса да бетімді
Аппақ қарды кешеміз
Киіп алып етікті



 Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл келіп кіреді
Қартыңызға, жалпыңызға
Жалынды сәлем береді



Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны



 Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата - әже, әке - ана.
Құтты болсын Жаңа жыл



 Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып



 Ән саламыз, би билеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді



Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О, алақай, аяз атай
Келе жатыр алыстан




Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық аяз атаны



Мол сыйлықпен келер ол
Шырқатып ән салар ем
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен



 Тамаша тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Келе ме біздің бақшаға



 Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз



 Шанамызға мінеміз,
Мәз - мәйрам бо күлеміз
Жарысамыз бәріміз
Жарасып тұр сәніміз



Даланыңда қаланың
Думандатып отбасын
Тағы, міне Жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын



 Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз



 Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды.



Жаңа жыл, Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл



Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ болып үстіміз
Ақ қырау жабысты.



Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан




 Ән саламыз, билеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді



Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып



Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 8
  1. Бекайдар
    Бекайдар 28.12.2020 22:46
    27 + 15 -
    бастауыш балаларына керемет тақпақтар
    1. Оқырман Балымай
      18 + 12 -
      12+3-5
      1. Оқырман Сара
        Оқырман Сара 24.12.2023 22:56
        10 + 12 -
        Жауабым 10
  2. Оқырман Бақытжан
    29 + 22 -
    АППАҚ ТОНҒА ОРАНЫП 0-СЫНЫП