Сабақ жоспары (ұмж): Функция және функцияның графигі 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, 2 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Функция және функцияның графигі 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, 2 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Күйеуімнің тегіне өткенім дұрыс па?

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция. Функция графигі
Сабақ тақырыбы: Функция және функцияның графигі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.5.1.1функция және функцияның графигі ұғымдарын біледі;
7.5.1.2функцияның берілу тәсілдерін біледі;
7.5.1.3функцияның анықталу облысы және мәндер жиынын анықтайды.
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
функция және функцияның графигі ұғымдарын білу;
функцияның берілу тәсілдерін білу;
функционалды және функционалды емес тәуелділіктерді танып білу;
функцияның анықталу облысы және мәндер жиынын анықтай алу.

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларда түгендеу, сабаққа жұмылдыру.
Қызығушылықтарын оятып, жағымды орта тудыру.
Үй тапсырмаларын көршісімен бірлесе отырып тексереді. Егер қандай да бір сұрақтар туындап жатса мұғалімнен немесе басқа сыныптастарынан көмек сұрайды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру
Activity
Жұптық жұмыс. Оқушылар қолдарына берілген тапсырманы бірлесе отырып орындап, дұрыс жауапты тексереді.
«Функция мәндерінің лабиринті» ойыны

Ойынның шарты: Бір оске бекітілген радиустары әртүрлі екі дөңгелек берілген. Ішкі дөңгелекте функцияның аргументі берілсе, сыртқы дөңгелекте соған сәйкес фукцияның мәнін тауып бір радиустың бойына келтіру керек.

Оқушыларға «Функция» терминін математикаға тұңғыш енгізген ғалым туралы қысқаша тарихи мағұлмат беру (немесе – өздерінің іздеп табуларына жағдай жасау).

Готфрид Вильгельм Лейбниц (немісше Gottfried Wilhelm Leibniz (1646-1716)) – неміс философы және ғалымы,математигі, физигі әрі өнертапқыш тарихшысы.



Топтық жұмыс
Оқушыларға карточкада жазылған терминологияларды таратып беріп, оларды сәйкестендіру арқылы топтарға бөлу. (қазақша сөздер тобы «1-топ», орысша сөздер тобы «2-топ», ағылшынша сөздер тобы «3-топ»)
Топтарға төмендегідей тапсырмалар беріліді. Тапсырмалар орындалып болған соң тапсырманың дұрыс орындалуы сыныпта талданып, талқыланады.

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
1-топ функцияаргументі aргумент функции argumentof a function
2-топ тәуелсіз айнымалы независимая переменная independent variable
3-топ абсцисса абсцисса abscissa
4-топ ордината ордината ordinate

1-топ
Тапсырма
Квадраттың қабырғасы a см. Оның периметрін (Р) табыңыздар. Мұндағы а=2; 3; 4.

2-топ
Тапсырма
Машина 70 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді.Машинаның t сағатта қанша жол жүретінін табыңыздар. Мұндағы t = 1; 1,5; 3.

3-топ
Тапсырма
Берілген гарафик бойынша ауа температурасының тәуліктік уақытқа тәуелділігін көрсетіңіздер.

4-топ
Тәуелді айнымалы (y) тәуелсіз айнымалының (x-тің) квадратына тең – деген сөйлемді математикалық теңдеу түрінде қалай жазуға болады?

Тапсырмаларды орындап болған соң топтар тақтадағы жауаптармен өз жауаптарын тексере отырып, тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының тек бір мәні сәйкес келетінін тұжырымдаулары керек.

Анықтама
Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелі айнымалының тек бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.
Графикті пайдаланып, аргументтің берілген мәніндегі функцияның мәнін табуға болады.
f: A → R , мұндағы А R-дың ішкі жиыны болсын. А-дағы х – тың әрбір мәні f(x) -тың нақты бір мәнімен байланысты. Бұл байланыс, координата жазықтығының бір ғана нүктесінде (х, f (x)) бейнеленеді.

Топтарға бастапқыда берілген тапсырмаларға сүйене отырып,функционалдық тәуелділіктің берілу тәсілдерін өздері айта алуларына мүмкіндік беру.Топта талдап, жауап беру.

Функционалдық тәуелділіктің берілу тәсілдері
1. Функцияның формуламен (аналитикалық түрде) берілуі
2. Графикпен берілуі
3. Кестемен берілуі
4. Сөзбен, шартпен берілуі

Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады. Мысалдар келтіру.

Функцияның мәндерінің жиыны функцияның мәндерінің аймағы деп аталады. Мысалдар келтіру.

Ауызша тапсырма (презентация)

Жұптық жұмыс
1. Қисықтардың қайсысы функция графигі бола алады?

2. f (x ) = 3x + 5 функциясы үшін: f (2), f (- 4) мәндерін табыңыз.
3. Берілген функциялардың анықталу аймақтарын табыңыз:
а) у = 15 – 4х ; b) у =
4. Егер у(х)=2х + 4 функцияның мәні 5,4-ке тең болса, онда функцияның берілген мәні бойынша аргументтің сәйкес мәнін табыңыз.

Жеке тапсырма
№1. Қисықтардың қайсысы функция графигі бола алады? Жауаптарыңызды негіздеңіздер...........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тез ұйықтауымызға көмектесетін тағамдар



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle