Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, 2 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, 2 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тұмау тиген кезде кір сабынның пайдасы бар

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция. Функцияның графигі.
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.5.2.4 сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушыларды теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуді үйрету.

Сабақтың басында мұғалім мен оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі.
Мұғалім оқушылардың назарын шоғырландыру үшін жаттығу орындатады..

Содан кейін мұғалім оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді анықтайды.
Осылайша оқушылардың арақатынасындағы ашықтық дамиды.
Білімді жаңғырту. Миға шабуыл.
Оқушылар 6 сынып курсынан екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі.
Тапсырманың мақсаты: 6 сынып курсы материалын қайталау. Презентация бойынша ауызша жұмыс. (4-9 слайдтар).
Тапсырманы орындау барысында құрмет көрсету, ынтымақтастық, айналадағы адамдардың қиындықтарын көру және түсіну, айтылған сынды қабылдай білу сияқты құндылықтар дариды.

Жұптық жұмыс.
Тапсырманың мақсаты: жаңа материалмен танысу.
Аталмыш жұмыс түрі өмір бойы білім алу, ақпаратты өздігінен табу, ситуацияға анализ жасау, өз жұмысының сапасына жауап беру сияқты құндылықтардың дамуына ықпал етеді.
Әрбір оқушыға координаталық жазықтық салынған мөлдір пленка мен екі айнымалысы бар теңдеу жазылған карточка ұсыныңыз. Пленкада әрбір оқушы өз теңдеуінің графигін бейнелейді. Мұғалімнің айтумыен оқушылар кездейсоқ таңдаған оқушымен жұп құрады да, өз теңдеулерінен жүйе құрастырады. Мөлдір пленканы беттестіріп, құрастырған жүйенің графиктік шешімін табады. Оқушылар өз дәптерлеріне шешімдерін орындайды.

Әрі қарай алынған тәжірибенің негізінде оқушылар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің алгоритмін құрады.
Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешудің алгоритмі
Екі теңдеуді де сызықтық функция y = kx + b түріне келтіреміз.
Әрбір функция үшін мәндерді есептеу кестесін құрамыз.
Функциялардың графиктерін бір координаталық жазықтықта саламыз.
Графиктердің қиылысу нүктесінің координаттарын теңдеулер жүйесінің жауабы деп жазамыз.

Сергіту сәті.
Қозғалысқа және психологиялық жеңілдеуге арналған шығармашылық сергіту сәттері.
Тік тұрып, бір уақытта оң қолмен сәлем беріп, сол қолмен төмен тартылу керек. Содан кейін сол қолдың бас бармағын көтеріп «Мінекей!» деп айту. Одан кейін шапалақ ұрып, осы әрекетті қолды ауыстырғанан кейін қайталау.

Топтық жұмыс. Оқушылар кездейсоқ таңдаумен 4 адамнан құралған топтарға бірігеді.
Тапсырманың мақсаты: өтілген материалды бекіту, теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу дағдысын қалыптастыру.
Аталмыш жұмыс түрі құрмет көрсету, әр түрлі көзқарастардың болатындығын мойындау, топта жұмыс істеу, академиялық адалдық сияқты құндылықтардың дамуына ықпал етеді.

Әрбір топқа жүйелерді графиктік тәсілмен шешуді ұсыныңыз, ал тез тексеру үшін алынған жауаптарды көрші бағандағы сандар жұбымен салыстырыңыз.
Мысалы.
1)
А(1; -2)
2)
В(–3; –1)
3)
С(2; 1)
4) {█(3х- у = 5,@2х + у = 5.)┤
Е(1; 2)
5) {█(-х- 2у = 5,@2х- у = -5.)┤

К(3; -1)

Жауаптары: 1-К, 2-Е, 3-А, 4-С, 5-В.
Уақыт шыққаннан кейін, топтар шеңбер бойымен өз шешімдерімен алмасып, өз жауаптарына сәйкес бірін-бірі бағалауды жүргізеді. Тексеретін топ берілген бір түспен егер шешім дұрыс болса, «+», ал қате болса, «-» қояды. Тексеруді барлық топтар орындағаннан кейін, мұғалім қорытынды жасау үшін дұрыс сәйкестікті береді және кері байланыс жүргізеді.
Бағалау критерийлері:
5 «+» - 100% тамаша жұмыс
4 «+» - 80% жақсы
3 «+»-60%, қателерге назар аудару керек
2 «+» - 40%, әлі жұмыс жасау керек.........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дертті тілге қарап анықтауға болады



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle