Сабақ жоспары (ұмж): Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, 2 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, 2 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Күйеуімнің тегіне өткенім дұрыс па?

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция. Функцияның графигі.
Сабақтың тақырыбы: Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.5.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың қоэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуын зерттей алады

Сабақтың басында мұғалім ерекше көңіл аударады:
- оқушылардың зейін қоюына
- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды
- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтайды
- деңгейлер бойынша (А, В және С) өзіндік және үй жұмысын орындау
- сабақтың аяғындағы күтілетін нәтижелер
Сабақта оқушылар білетін ұғымдар қолданылады және жаңа ұғымдар енгізіледі. Сондықтан материалмен танысу барысында сөздікке жаңа терминдер енгізіледі.
Әртүрлі іс-әрекеттер жасау барысында оқушылар бағалау парағын толтырады. Сабақтың соңында қорытынды жасалады және мұғалімнің жұрналында белгіленеді.

I. Ой қозғау – 4 мин.
Бұл кезеңде оқушыларда өмір бойы білім алуға бейімделу және сабақтарда көпмәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу құндылықтар дамиды.
Презентация бойынша ауызша жұмыс:
1) Функциялардың қайсылары сызықтық болатынын анықтаңыз:


2) Қандай суретте сызықтық функцияның графигі көрсетілген?

3) функциясының k және b коэффициенттерінің таңбалары қандай?

Критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау:
1. Сызықтық функцияның формуласын біледі – 1 б;
2. Сызықтық функцияның графикті анықтай алады – 1 б;
3. Функцияның графигі бойынша k және b коэффициенттерінің таңбаларын анықтайды - 1б.
3 балл – 100%
2 балл – 67 %
1 балл – 33%
0 балл – 0%
II. Жаңа материалмен жұмыс – 15 мин:
Бұл кезеңде оқушыларда өмір бойы білім алуға бейімделу құндылығы дамиды. Сонымен қатар жұптасып бекітуге тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда оқуға бейімділігі, ақпаратты өзбетінше табу, жағдайды талдау дағдылары дамиды.
Оқушылар «GeoGebra», «Математический конструктор» немесе «Рисование графиков онлайн» бағдарламалрында келесі функциялардың графиктерін салады , , , және салынған түзулердің өзара орналасуын сипаттайды (егер мұндай мүмкіндік болмаса, салуларды постерлерде орындайды):
1) және функциялардың графиктері параллель;
2) және қиылысады және т.с.с.
Содан соң оқушылар графиктердің өзара орналасуын коэффициенттерге тәуелділігін талдайды және қорытынды жасайды.
Қорытынды: k-ның бірдей мәндерінде сызықтық функциялардың графиктері параллель түзулер болады, ал әртүрлі мәндерінде – графиктер қиылысады.
Мұғалім: Қарастырылған мысалдар негізінде қорытындыларды дәлелдейік. Екі сызықтық функция берілсін және Олар координаталары С нүктесінде қиылысады деп ұйғарайық. Бұл кезде нүкте әрбір түзудің бойында жатады және оның координаталары әрбір түзудің теңдеуін қанағаттандырады. Сондықтан теңдеуге және -дің мәндерін қойғанда келесі теңдіктер шығады және
Бұл теңдіктерде сол жақтары бірдей болғандықтан, оң жақтарын да теңестіруге болады: Қиылысу нүктесінің абсциссасын табу үшін сызықтық теңдеуді шығарып алдық. Оны мына түрде жазайық: Бұл теңдеуді шешу барысында үш жағдай кездеседі:
1. Егер (яғни ), онда теңдеудің жалғыз ғана шешімі бар. Бұл түзулер қиылысатынын білдіреді (әрине бір нүктеде).
2. Егер (яғни ) және ( яғни ), онда теңдеудің шешімдері жоқ. Бұл түзулер қиылыспайтынын, яғни параллель екенін білдіреді.
3. Егер (яғни ) және ( яғни ), онда теңдеудің шексіз көп шешімдері болады. Бұл түзулердің шексіз көп ортақ нүктелері болатынын, яғни олар беттесетінін білдіреді.
III. Бекіту -15 мин
Алғашқы мәнін түсіну және оқығанды қолдану. Бұл кезеңде оқушыларда өмір бойы білім алуға бейімделу және жаңа ситуацияға бейімделу құндылықтары дамиды..
Ауызша жұмыс:
1. Қандай берілген функциялардың графиктері функцияның графигіне параллель?

Жауабы:
2. Функциялар келесі формулалармен берілген: Олардың ішінен:
а) функцияның графигімен беттесетін графиктерді таңдаңыз;
б) функцияның графигімен қиылысатын граиктерді таңдаңыз.
Жауаптар:
а)
б)
Өзін-өзі бағалау:
6 дұрыс жауап – 100%
5 – 83%
4 – 67%
3 – 50%
2 – 33 %
1 – 17%
0 – 0%.
Берілген материалды тереңдету және жаңа ситуацияларға бейімделу мен мәселелерді қою, шешім қабылдау құндылықтарды дарыту үшін оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындайды, мұнда оқушылар өз деңгейлеріне қатысты тапсырманы таңдауға құқылы.
Тапсырмалар:
1. Параметрлердің қандай мәндерінде берілген функциялардың графиктері қиылысады?
a) және
b) және
c) және
d) және ..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тез ұйықтауымызға көмектесетін тағамдар



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle