Ана тілегі


Аға-інінің бауыры едің, гүлім сен,
Бойжетіпсің, ой түбіне үңілсем.
Қызым менің, жаңа өмірге жол салдың,
Баққа ұмтылып бара жатсың бүгін сен!

Қызым менің, анаңның бір бөлшегі,
Сенің жолың болсын дер ем еңселі.
Сүйкімді деп еркелетсе ел сені,
Анасының гүлі деуші ем мен сені.

Міне, саған шаттық жолы қаланды,
Енді ұзарсың артқа тастап анаңды.
Талай ару бұл жолдан бақ таба алды,
Талай ару бақыт шамын жаға алды.

Сол бақытты тілер едім мен саған,
Соны тілейді саған жақын барша адам.
Өз қызының шаттық сәтін көрсем деп,
Талай ана осы күнді аңсаған.

Елеңдеген салған сәтте қалқасы ән,
Мен де сөйткем, сен биікке самғасаң.
Енді сен де көтермексің ақ отау,
Сол отауың биік болсын әрқашан!

Сыйлы болдың, ару болдың бағалы,
Сені енді елің қарсы алады.
Жақсы келін, жақсы жар боп, өмірде
Қуантып жүр арттағы ата-ананы.

Болған талай көңілімнің алаңы
Жалғыз гүлім ұзап кетіп барады.
Барады ұзап, тілекші етіп өзіне
Аға-жеңге, ата менен ананы.

Сыйлы боп жүр ұзатылған еліңде,
Айналарсың сен де жақсы келінге.
Анаң саған тілеулес қой әрқашан,
Қызым, гүлім, бақытты бол өмірде!


Ғабиден Қожахмет


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу