Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтың ұлттық киімі 1-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтың ұлттық киімі 1-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Балаға берілетін жәрдемақы: кімге, қалай және қанша төленеді?

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным - Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.2.2 Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу
4.2.3.4 Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану
Сабақ мақсаттары: -түрлі орындау техникасын үйлестіру
-шығармашылық идеяларын, сезімдерін көрсету.

Сабақ басында:
- оқушылардың зейінін шоғырландыруға
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап алу
- оқушылар сабақ соңына дейін өз туған жерлерінің көрікті, әсем пейзаждарын бейнелейді.
(К) «Қара Жорға» биінен үзінді тамашалаңыздар. Сұрақтарға жауап беріңіз:
Бұл би қандай елдің мәдениетіне жатады?
Бидің өзгешелігі неде?
Бишілердің киімдерін сипатта. Несімен ерекше?
Киім әсемделген бе? Қалай?
(Т) Қазақтың ұлттық өрнектерінің түрлерін қарастырыңыздар. . Сұраққа жауап беріңіздер:
-Қандай өрнек түрлерін бөліп алар едіңіздер?
-Қандай өрнектер қазақтың ұлттық киімдерінде жиі кездеседі?

(С) Қазақтың ұлттық бас киімдеріндегі өрнектерді атаңыздар? Сұраққа жауап беріңіздер?
-Бас киімдер қандай материалдардан жасалған?
-Қазақтың қандай ұлттық бас киімін қазіргі уақытта жиі көруге болады?
-Қандай халықтар тақия киеді?
-Сендер бас киім туралы қандай ертегі, аңыздарды білесіңдер? Қысқаша әңгімелеп беріңдер.
Сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін оқушылармен бірлесіп практикалық жұмысқа арналған критерилер құрастырамыз, мысалы:
-ұқыптылық
-тақырыптан ауытқымау т.б.


(Ө) Нұсқаулыққа сүйене отырып, тақия жасаңыздар:
- шаблонды қолдана отырып, тақиянын пішінін жаса;
- шаблонды түрлі-түсті қағазда айналдырып сыз;
- тақияның барлық бөліктерін біріктір;
- өрнекке түс таңда. Парақты бірнеше рет бүкте. Өрнекті сал және қырқып ал.
- өрнекті тақияға желімде.

Сабақ соңында оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып жіберіп критерилер бойынша бір бірін бағалау жүргіземіз..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle