Сабақ жоспары (ұмж): Досыңа арналған сыйлық (Көркем еңбек, 4 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Досыңа арналған сыйлық (Көркем еңбек, 4 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ұйқы алдында оқылатын дұғалар

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар.
Сабақ тақырыбы: Досыңа арналған сыйлық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.2.3.2. Әртүрлі тәсілдермен, және үйлестірілген материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау
Сабақ мақсаттары: • Сыйлыққа арналған қаптаманы құру туралы бейнематериалдарды көру;
• Әртүрлі материалдар мен техниканы біріктіріп, 3D пішінінде досына сыйлық жасау.

1.Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбы: Досыңа арналған сыйлық.
Сабақтың мақсаттары:
• Сыйлыққа арналған қаптаманы құру туралы бейнематериалдарды көру;
• Әртүрлі материалдар мен техниканы біріктіріп, 3D пішінінде досына сыйлық жасау.
2. Тапсырма №1: Оқыту әдісі – көрнекілік, жұмыстың нысаны - фронтальды, қабылдау - жаңа ақпаратты меңгеру.
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Достық дегеніміз не?
Жауап: Достық - «өзара сенім, махаббат, ортақ мүдделерге негізделген тығыз қарым-қатынас». Достық - бұл адамдар арасындағы тығыз байланыс, яғни «адалдық пен өзара көмек ғана емес, сонымен қатар ішкі жақындығы, ашықтық, ... махаббат».
Достық туралы қандай мультфильм, ертегі, ән білесіңдер?
Сіздерде дос бар ма?
Достарыңа сыйлық сыйлайсыңдар ма? Достарға қашан сыйлық сыйлауға болады деп ойлайсыңдар?
Адамдар бір-біріне неліктен сыйлық сыйлайды деп ойлайсыздар?
Мұғалім: Сыйлықты ұсыну мәдениеті оның дизайнымен, қаптамасынан басталады. Сіздер кез-келген қаптаманы таңдай аласыздар - ең бастысы, ол сыйлыққа сәйкес және сіздер осы сыйлықты жасайтын мерекеге сәйкес келуі тиісті.
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Қорапты өз қолыңмен жасауға болады ма?
Сыйлыққа арналған қорапшаны қандай материалдардан жасауға болады?
Қорапшада не сыйлауға болады?
Қорапты қандай пішінде жасауға болады?
3. Бейнефильм көрсетіңіз: «Қалай қақпағы бар қорапты қалай жасауға болады?».
4. Кері байланыс.
- Сіздер қалай ойлайсыздар, сыйлыққа арналған осындай қаптама біздің қолымыздан келеме?
5. Тапсырма № 2. Әдіс - практикалық, жұмыс түрі - жеке.
Бұл тапсырма оқушыларға сыйлықтарға арналған қаптаманың, қандай түрлері бар екендігін, білуге мүмкіндік береді. Оқушылар жұмыстарды қарап шығып, қаптамаларды таңдайды және сұрақтарға жауап береді.
Қаптама - сыйлықтың өте маңызды бөлігі.
Сыйлықтарға арналған қаптамаларға назар аудару қажет.
Мұғалім: Қаптаманы таңдап алыңыз да сұрақтарға жауап беріңіз. Мұндай қораптамамен кімге сыйлық бере аласыз? Неліктен?
Жауап: Ер адамдарға арналған қаптамада көптеген таспалар болмауы керек, бейтарап түс қағаз қолданады. Бұл бизнес сыйлық болуы мүмкін. (№2 слайд)
Жауап: Әйел адамдар үшін қаптама гүлдермен безендірілуі мүмкін, қаптамаға көбірек жарық, жарқын стиль беруге болады. (№3 слайд)
Жауап: Балаларға арналған қаптамалар үшін түрлі-түсті суреттер, таспалар, көңілді түстер болуы керек. Оның пішіндерін қуыршақ, саңырауқұлақ, кәмпиттер түрінде жасауға болады. (№4 слайд)
Жауап: Мұндай қаптамада косметиканы сыйлауға болады.
Жауап: Бұл қаптаманы қалыңдыққа арнап қолдануға болады. (Слайд №5)
Жауап: Конвертте жазылымды, бассейнге, кинотеатрға, циркке, концертке арналған билет сыйлауға болады. (№6 слайд)
Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережелерін қайталаймыз.
6. Нұсқаулық (ережелерді түсіндіру).
Қайшының қосылып жабылған ұштарын өзіңнен әрі қаратып қою керек.
Қолөнер бұйымдарын арнайы сөмкеде немесе қобдишада сақтау керек.
Әрқашан қайшы жабық жату керек.
Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.
Қатты қағазды алып, үлгісін пайдаланып сыйлық қорапшасын жасаңыз.
7. Кері байланыс:
- Сіздерге не түсініксіз болды? (1 минут)
8. Жұмыс орындарын дайындау кезеңдері:
Қатты қағаздан шаблонды пайдаланып, сыйлыққа арналған қорапша жасаңыздар. Жұмыс барысы:
Таңдап алған шаблонды қатты қағазға басып шығыңыздар;
Сызықтар бойынша қиып алыңыздар;
Қораптың бөліктерін бүктеуге арналған сызықтары арқылы бүгіп шығыңыздар. Қажетті бөліктерін біріктіріңіздер.
Қорапты қалауларың бойынша безендіріңіздер. Мысалы: пайетка, ленточка, наклейка.
Бір-бірлеріңнің жұмыстарыңды өзара бағалап, қораптың құрылысында, әсемдеуінде нені түрлендіруге болатындығы жөнінде ой қосыңыздар.
9. Кері байланыс.
- тапсырманы қалай орындадыңыз?
- оны орындау қаншалықты қиын / жеңіл болды? Неліктен?
10. Қорытынды бөлім. Қорытындылау.
- Жарайсыңдар! Сіздер барлығыңыз жұмысыңызды орындап шықтыңыз. Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердініздер. Бұл білім сіздердің өміріңіздерде, кейінірек пайда болады деп үміттенемін. Сіз өзіңіздің жақындарыңызға, достарыңызға, таныстарыңызға сыйлық таңдауда және сәндеуде қиындықтар болмайды.
11. Қалыптастырушы бағалау: дескриптор бойынша:
- қаптаманың негізін қиып алады;
- әшекейлеуге арналған әртүрлі материалдарды пайдаланады;
- жұмыс ұқыпты жүргізіледі.
12. Бір-бірін бағалау: оқушы-оқушыны бағалау.
13. Саралау:
Барлық қаптама үшін үлгіні қолданады. Көпшілігі мұғалімнің көмегіне жүгінеді. Кейбір оқушылар қаптаманы өздері жасайды...........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Шашты тез өсіру үшін не істеу керек?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle