Сабақ жоспары (ұмж): Бір заттың хикаясы 2-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Бір заттың хикаясы 2-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ата-енемен бірге тұратын келіндерге кеңес

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Бір заттың хикаясы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.2.3.3 Бұйымның сыртқы түрін жақсарту және күрделендіріп, жетілдіру үшін өңдеудің тәсілдерін және жабдықтарын пайдалану
Сабақ мақсаттары: • Ашық үлгі бойынша сандықты жасау;
• Сандықты түрлі әдістер арқылы безендіру;
• Қауіпсіздік ережесін сақтау.

1. Амандасу. Сабаққа даярлығын тексеру

Сабақтың мақсатын айту:
• Ашық үлгі бойынша сандықты жасау;
• Сандықты түрлі әдістер арқылы безендіру;
• Қауіпсіздік ережесін сақтау.
2. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өткенде жасалған жұмыстарын талқылау (2 минут)
Балалар, өткен сабақта сіздер сандықтың нобайын жасадыңыздар. Қазір жұп болып сол жұмыстарыңызды талқылайық. Орындалған суреттердің бір жақсы жағын атап өтеміз және ұсынысты айтамыз.
Кері байланыс. Қалай ойлайсыздар, сандықты біз не үшін оюлармен безендірдік? (Мүмкін жауаптары: әдемі және қызықты болуы үшін, т/б. (1 минут)

3. Бүгін әрқайсысыңыз сандық жасайтын адам- қолөнерші боласыздар. Бірақта жасау үшін басқа материал түрлерін қолданасыздар. Сандықтың негізі ретінде түсті қатты қағазды аласыздар. Әшекей ретінде сіздер түрлі ұсақ безендіру заттарын қолданасыздар: таспалар, пайеткалар, фольга қағазының ұсақ бөлшектерін және т/б.
Бірақ жұмысты бастамас бұрын қайшы, ыстық желім сияқты құралдарды пайдалану жайлы қауіпсіздік ережесін еске түсіріп аламыз.
• Құралдармен жұмыс істеу кезінде алаңдамау, бір- бірімен сөйлеспеу, бір- бірін итермеу;
• Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;
• Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;
• Еріген желім өте ыстық болғандықтан 5 минуттан кейін ғана ұстау керек;
• Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;
• Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;
• Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.
• Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;
• Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет;
• Қайшының жүзін жоғары қаратып ұстамау керек;
• Жүріп бара жатқанда қайшымен қимау керек;
• Қайшыны ашық күйінде қалдырмау керек;
• Жабық қайшыны жүзіне қаратып беру керек.
4. Практикалық жұмыс.
Сандықты жасау және безендіру. (әдіс- репродуктивті, ізденіс жұмысы; тәсіл- алған білімдерін практикада қолдану; жұмыс түрі- жекеше) (29 минут)
Жұмысты орындау алгоритмі:
• Түсті қатты қағазда үлгіні басып шығыңдар;
• Сызық бойынша қиып шығыңдар;
• Сызғыш пен қайшының көмегі арқылы бүгу сызықтарымен сандықтың бөлшектерін бүгіп шығыңдар;
• Құрылымдарын бүктеңдер;
• Өрнектердің орналасқан жерлерін белгілеп шығыңдар және салыңдар;
• Өрнектерді стразылармен, таспалармен және т/б безендіріңдер;
• Сандықтың бөлшектерін бүгу сызықтары арқылы біріктіріп, ыстық желіммен жабысырыңдар (қарындаш- желіммен де жабыстыруға болады)
Өзара бағалау. Мұғалімнің бақылауы
Дескрипторлар:
- Сандықтың қақпағын және қабырғаларын безендірді;
- Сандықтың безендіруінде симметрияны сақтады;
- Құрылымдарын ұқыпты жинады.

Дифференциация. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж. Қалған оқушылар өздерінің шығармашылық ойлары мен күштеріне қарай өз жұмыстарына ерекшлік еңгізеді, сонымен қатар жаңашылдық танытады.
5. Өзара бағалау. (2 минут) Жоғарыда аталған дескрипторлар арқылы бір жұп келесі жұпты бағалайды.
Кері байланыс. Қандай материалдар мен біріктіру үшін әдістерді қолдандыңдар (1 минут).........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle