Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі әшекейлер 2-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі әшекейлер 2-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ата-енемен бірге тұратын келіндерге кеңес

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі әшекейлер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысты жақсартудың жолдарын ұсынып, критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау.
Сабақ мақсаттары: • Тоқсанға арналған ЖБ орындау;
• Сырғаны жасау үдерісін аяқтау;
• Шығармашылық жұмыстарын бағалау.

1. Амандасу. Сабаққа даярлығын тексеру.

Сабақтың мақсатын айту:
• Тоқсанға арналған ЖБ орындау;
• Сырғаны жасау үдерісін аяқтау;
• Шығармашылық жұмыстарын бағалау.
2. 2 тоқсанға арналған ЖБ жазу. (10 минут) (жиынтық бағалау- сандықты жасау бойынша тапсырманың екінші бөлігін біз өткен сабақта орындағанбыз.Сандықтар дайын, тек ТЖБ критерийлері бойынша бағалау ғана қалды. Сондықтан ТЖБ-ға берілген уақыты 7-10 минутқа дейін қысқарады.)
Тапсырма № 1
Оның атын Алматы қаласындағы Мемлекеттік өнер мұражайына қойылған. Ол Қазақстандағы алғашқы шебер суретші болып табылады. Кім ол? Дұрыс нұсқасын таңдаңыз:

А) Урал Таңсықбаев;
В) Молдахмет Кенбаев:
С) Николай Хлудов;
D) Әбілхан Қастеев.

Тапсырма №2
Берілген екі танымал суретшінің репродукцияларына мұқият қараңыздар. Бірінші репродукцияның авторы Ә.Қастеев «Медеу мұз айдыны», екінші репродукцияның авторы И.Левитан «Алтын күз».
Сұрақтарға жауап беріңіздер:



1. Берілген екі репродукциялар бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?
2. Бұл жұмыстарды не біріктіреді?
3. Бірінші репродукция қандай түстік шешімде орындалған?
4. Екінші репродукция қандай түстік шешімде орындалған?
5. Берілген репродукциялардағы табиған элементтерін тізімдеңіз.

Тапсырма №3
Қатты қағаздан сандық жасаңыз. Оны өрнектермен безендіріңіз.

Жасау кезеңдері:
1. Түрлі түсті қатты қағазды алыңыз да оның үстіне сандықтын ашық үлгісін қойыңыз.
2 Сандық үлгісінің сыртын жай қарындашпен сызып шығыңыз.
3. Үлгіде көрсетілгендей бүктеу сызықтарын сызғыштың көмегімен сызып шығыңыз.
4. Сандықтың ашық үлгісін қиып алыңыз.
5. Бүгу сызықтары бойынша бүктеп шығыңыз.
6. Сандықтың барлық қосылу керек жағын желімдеп шығыңыз.
7. Сандықты безендіріңіз.
3. Жұмысты бастамас бұрын ине мен канцелярлық пышақты қолдану жайында қауіпсіздік ережесін айту.
1. Инелерді берілген бір орында сақтау керек (ине салғышта, арнайы ыдыста)
2. Инені ауызға салуға, киімге қадауға қатаң түрде тыйым салынады.
3. Канцелярлық пышақтың шамалы жүзін шығаруға;
4. Канцелярлық пышақпен жұмыс тақтасында жұмыс істеу;
5. Кесу кезінде бір қолмен пышақты қатты ұстап, ал екінші қолмен жұмыс істеп жатқан материалды ұстау керек;
6. Пышақпен жұмыс істемеген кезде жүзін ішіне тығып қою керек.
Практикалық жұмыс (20 минут). Сырғаны жасау бойынша үдерісті аяқтау.
Жасау кезеңдері:
1. Кептірілген «ораманы» өткір канцелярлық пышақпен қалыңдығы 0,5 см етіп кесеміз.
2. Жүннен жасалған моншақтарымызды пластикалық маржандармен біріктіре отырып жіпке тіземіз.
3. Жоғарғы маржанына сырғаның- шеге тәріздес тақпасын жабыстырамыз.

4 Дайын жұмыстарды қарау. (4 минут).
Дайын жұмыстарды үстелдің үстіне жайғастырамыз. Мұқият қарстырамыз. Ұнаған жұмыстарды стикерлермен белгілейміз. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолданамыз.

Кері байланыс. Сіздер дайын жұмыстарды қалай қолданасыздар? (1минут)

Дифференциация. Кейбір балаларға көмек көрсету......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle