Сабақ жоспары (ұмж): Коллаж техникасындағы жарық пен көлеңке (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Коллаж техникасындағы жарық пен көлеңке (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Салмақ жинаудың 8 әдісі

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Коллаж техникасындағы жарық пен көлеңке
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану
3.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау және салыстыру
Сабақ мақсаттары: • Суретшілердің жұмыстарында қолданған техникалар мен материалдарды тану, талдау және бағалау;
• Коллаж техникасында тоналды натюрморт орындау;
• Қауіпсіздік ережелерімен танысу және тәжірибелік жұмыс барысында ережелерді сақтау.

Бұл сабақ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы) бөлімінің соңғы сабағы, осы бөлімді оқу барысында жарық және көленке, түстің тоны (өңі) туралы ақпарат алдындар, бүгін сол алған білімдеріне сүйене отырып коллаж техникасында шығармашылық жұмыс (натюрморт) жасайсыздар.
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Тапсырма №1

Оқушыларға геометриялық денелерден құралған натюрмортты қарастыруларын сұраңыз.
Оқушыларға жұптарында талқылауға сұрақтар қойыңыз:
• Қандай пішіндер алдыңғы қатарда және қандай пішндер артқы қатарда орналасқан?
• Бір-бірлеріне қатысты олар қалай орналасқан?
• Қандай пішіндер үлкен болып көрінеді? Жақын орналасқанда ма, әлде алыс орналасқанда ма?
• Жарық қай жақтан түсіп тұр?
• Көлеңке қай жақта?
• Жұмыста кеңістіктегі 3D елесі қалай көрсетілген?

Тапсырма №2
Эскиз жасау
Оқушылар өз натюрморттарының эскизін салуды бастайды. Оқушылардың назарын пішіндердің пропорциясына және оларды альбом парағына дұрыс орналастыруларына аударыңыз.
Сұрақтар:
• Сіздің жұмысыңызда қанша тон болады?
• Сіз қандай материалдар қолданасыз?
• Сз қағазды қыясыз ба, әлде жұласыз ба?
• Натюрморт үшін сіз қандай нысандарды таңдайсыз?
• Коллажға қандай нысандар қолданасыз.

Тапсырма №3
Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар ақ, сұр, қар түсті газеттер немесе екінші сабақтағы қағаздарды қолданып, коллаж жасайды.
Материалдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесі туралы ескеріңіз.

(С, Қ) Оқушылардың жасаған жұмыстарын тосын көрмеге орналастырыңыз. Оқушыларға әр түрлі материалдармен көрсетілген тонның айырмашылығын салыстыруларын ұсыныңыз......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Мұсылманша есімдер немесе есім таңдай білесіз бе?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle