Сабақ жоспары (ұмж): Кейіпкерлердің бейнесі 2-сабақ (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Кейіпкерлердің бейнесі 2-сабақ (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ата-енемен бірге тұратын келіндерге кеңес

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: Кейіпкерлердің бейнесі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету
Сабақ мақсаттары:• Әртүрлі ертегідегі кейіпкердің образдарымен танысу , оған тән қасиеттерді анықтау;
Ертегі ке»пкерінің образын көрсету үшін шығармашылық идеялар жасау;
• Силуэттік сурет техникасында ертегі кейіпкерінің суретін салу (кейіпкер образын жасау).

Сыныпта оқушыларға таныс ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойыныз (әдебиет пәнінде қарастырған ертегілерді қолдануға болады). Оқушыларға сол суреттерге назар аударуын сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:
• Суреттерде не бейнеленген?
• Ертегідегі кейіпкерлер сіздерге таныспа?
• Олар қандай кейіпкерлер? Жағымды кейіпкер ме, әлде жағымсыз кейіпкер ме? Неге олай ойлайсыздар?
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Тапсырма №1
Ертегі кейіпкерін тап (топтық жұмыс)
Оқушыларды топқа бөліңіз. Әртүрлі суретші иллюстраторлар салған ертегі мен мульфильм кейіпкерлерінің силуэтерің көрсетіңіз. Силуэттік суретте бейнеленген кейіпкерлерді табуды ұсыныңыз (4-5 кейіпкердің силуэттік бейнесін ұсыныңыз).
Сұрақ:
• Бұл қай ертегінің кейіпкері?
• Оны қалай анықтадындар?
• Ол қандай кейіпкер? Жағымды кейіпкер ме әлде жағымсыз кейіпкер ме ?
Ертегі кейіпкерлері қалай бейнеленген?

Оқушылар бейнеленген кеіпкерлерді анықтайды, олардың образдарын талдайды. Оқушылардың назарын силуэттік суреттерге аударыңыз. Силуэт ұғымымыен оқушыларды таныстырыңыз.
Силуэт (фр. sіlhouette) - адам не заттың өз көлеңкесіне ұқсас етіп, бір түспен жазықтыққа салынған бейне. Ол француз суретшісі Э. де Силуэттің атына байланысты шыққан. Силуэт ежелгі Қытай мен Шығыс елдерінде, 18 ғасырдан Еуропада бой көрсетті. Силуэт көбіне тушьпен, ағартқышпен салынады немесе қағаздан, металдан ойылады.
Тапсырма №2
Ертегідегі кейіпкерлердәі талдау
Әртүрлі ертегіден үзінді оқыңыз немесе аудио/бейне ролик қойыныз (мысалы Ұсқынсыз балапан, Алдар көсе, Ер-Төстік және т.б.). Ертегіні тындап болғаннан кейін сұрақтар қойыңыз:
-Ертегі қалай аталады?
-Сіз қандай кейіпкерлермен таныстыңыз?
-Қай кейіпкер жағымды, ал қай кейпкер жағымсыз болып табылады? Неліктен?
-Жағымды кейіпкерді силужттік техникада қалай бейнелеуге болады?
-Жағымсыз кейіпекрді ше?
Тапсырма №3
Тәжірибелік жұмыс
Оқушыларға ертегі кейіпкерін силуэттік сурет арқылы салуды ұсыныңыз. Оқушыларды силуэттік суретті орындау тәсілдерімен таныстырыңыз, мысалы, силуэт ақ фонда қара (қаранғылау) түспен орындалады, Ал жағымды кейіпкерлердің силуэттік суреттерің қараңғы фонда ашық немесе ақ түспен орындауға болады.

Оқушыларды дұрыс бағытта жұмыс жасауы үшін келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
• Қандай кейіпкердің суретін саласыз?
• Өз жұмысыңды неден бастайсың?
• Өз жұмысыңда қандай түстерді қолданасың?

Практикалық жұмыс алдында барлық материалдар мен құрал – жабдықтарды анықтап, жұмыс орнын дайындау қажет......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle