Дуэт - Абдрахман Асылбеков

Дуэт - Абдрахман Асылбеков


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жауырындағы жел-құз кеселін қайтару дұғасы

Ардақ пенен Арманды
Көршілері мақтайды.
Өйткені, олар бар маңды
Даң-дұң қылып жатпайды.
Ертеменен тұрып ап,
Патефонды бұрайды.
Ауыз үйге шығып ап,
Жақсы дуэт құрайды.
Ардақ ән сап тұрады,
Даусы әсем құбылып.
Арман биге шығады,
Иіліп те бүгіліп.
Көргендердің бәріне
Бұл істері ұнайды.
Айта түс деп әлі де,
Қайта-қайта сұрайды.
Арман менен Ардақты
Көршілері мақтайды.
Өйткені, олар салмақты,
Әдептілік сақтайды.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Күйікті емдеуге қарапайым кеңес





Комментарии для сайта Cackle