Сабақ жоспары (ұмж): Кейіпкерлердің бейнесі 1-сабақ (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Кейіпкерлердің бейнесі 1-сабақ (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Денеден қан шықса дәрет бұзыла ма?

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің бейнесі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету
Сабақ мақсаттары:Ертегі кейіпкерінің образын зерделеу, оған тән қасиеттерді анықтау;
Ертегі ке»пкерінің образын көрсету үшін шығармашылық идеялар жасау;
• Әртүрлі техниканы қолданып ертегі кейіпкерінің суретін салу (топтық жұмыс).

Сыныпта оқушыларға таныс ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойыныз. Оқушыларға сол суреттке назар аударуын сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:
• Ертегіні жақсы көресіндер ме?
• Тақтадағы ертегі кейіпкерлері сіздерге таныспа?
• Олар қандай кейіпкерлер? Жағымды кейіпкер ме, әлде жағымсыз кейіпкер ме?
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Тапсырма №1
Қазақтың халық ертегісін оқыңыз немесе аудио/бейне ролик қойыныз (мысалы Алдар-Көсе). Ертегіні тындап болғаннан кейін сұрақтар қойыңыз:
-Ертегі қалай аталады?
-Сіз қандай кейіпкерлермен таныстыңыз?
-Қай кейіпкер жағымды, ал қай кейпкер жағымсыз болып табылады? Неліктен?
-Жағымды кейіпкерді бейнелеу үшін сіз қандай түстерді қолданар едіңіз?
-Жағымсыз кейіпекрді ше?
Тапсырма №2,
Шығармашылық жұмыстарды талдау
Оқушыларды топқа бөліңіз. Әртүрлі суретші иллюстраторлар салған Алдар –Көсе ертегісінің кейіпкерлерінің суреттерін таратып беріңіз.
Сұрақтар қойыңыз:
• Суреттерден қандай кейіпкерлерді көріп тұрсыз?
• Олардың киімдері қандай түсті?
• Суретші бұл түстерді неліктен қолданған?
• Суретшілер өз кейіпкерлерінің (мінезін)
• образын қалай көрсеткен?
• График-суретшілер қандай материалдар қолданады?
• Графикалық жұмыстар мен кескіндеменің айырмашылығы қандай?
Тапсырма №3
Тәжірибелік жұмыс
Оқушыларға ертегі кейіпкерінің суретін салуды ұсыныңыз. Оқушылар суреттерін графикалық материалдармен орындайды.

Оқушыларды дұрыс бағытта жұмыс жасауы үшін келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
• Қандай кейіпкердің суретін саласыз?
• Өз жұмысыңды неден бастайсың?
• Өз жұмысыңда қандай түстерді қолданасың?
• Өз жұмысыңды қандай графикалық материалдармен орындайсың?.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Денің сау болсын десең



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle