Сабақ жоспары (ұмж): Жарық және көлеңке 2-сабақ (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жарық және көлеңке 2-сабақ (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Денеден қан шықса дәрет бұзыла ма?

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жарық және көлеңке 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау және салыстыру
Сабақ мақсаттары: • Әртүрлі суретшілердің туындыларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін түсіндіру;
• Графика техникасында пейзаж орындау;
• Арнайы пәндік терминдармен танысу және оларды жұмыстарды талдау кезінде қолдану.

Карапайым қарандашпен салынған тондық суреттерді, графика техникасында салынған суретшілердің туындыларының репродукцияларын тақтаға іліп қойыңыз.
Сұрақтар:
• Бұл суреттер қандай материалдармен орындалған?
• Олар қалай аталады?
• Олардың қандай ерекшеліктері бар?
Оқушылар өздерінің жауаптарын айтады. Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.
Тапсырма №1
Жұмыстарды талдау
Оқушыларды топқа бөліңіз және тапсырманы түсіндіріңіз. Суретшілердің жұмыстарын қараңыздар, олардың ерекшеліктерін анықтаныздар.
Презентацияда орыс суретшісі Алексей Саврасов жұмыстары берілген, сол суреттерді талдаңыздар:
• Суретші өз жұмыстарында нені бейнеледі?
• Бұл жұмыстар қандай материалдармен орындалды? Неге олай ойлайсыздар?
• Суретші өз жұмысында нені көрсетті?
• Алдынғы жақтағы және алыстағы заттар қалай бейнеленген? Олар несімен ерекшеленеді?
• Күн қай жағынан түсіп тұр? Суретші оны қалай көрсеткен ?
• Суреттегі көленкені табыныздар. Суретші көленкені қалай көрсеткен?

Оқушылар жұмыстарды алдымен топтарында талдайды, берілген сұрақтарға жауап іздейді. Содан кейін әр топ оз ойларын ортаға салады. Жұмысты жылдамдату үшін әр топ бір–екі сұраққа ғана жауап бере алады.

Осы түрде оқушылар келесі сладтарда берілген қазақстандық суретшілер Аманбаев Манатбек, Исабаев Исатай және т.б. жұмыстарын талдайды. Суретшілердің жұмыстарын талқылайды,

Бірілген жұмыстарда суретшілер жарық пен көленкені, жарық мол түскен жақтарды және көленкелі жерлерді қалай бейнелегендігіне аса назар аудартыныз.
Бағалау:
Бақылау арқылы оқушыларды бағалаңыз, мысалы, ең белсенді оқушы, өз ойын сауатты жеткізген оқушы, жұмыстарға жақсы талдау жасаған оқуыш.

Жаңа термин:
Сұрақ:
Суреттерді талдау кезінде қандай сөздерді жиі қолдандыныздар?

«Тон» терминімен таныстырыңыз. Тон дегеніміз түстін ашықтығы немесе қаранғылығы. Мысалы қабырға, сіздердің жейделерініз, А4 қағаз, партадағы мата түсі ақ, алайда олардың реңкі әртүрлі болып келеді.
Қарапайым эксперимент жасап көруге болады, А4 форматтағы ақ қағазды алдымен жейделерінізге, одан кейін қабырғаға төсеп көрініз, ақ түстің бірнеше реңкі болатының байқайсыз.
Оқушыларды тондар шкаласымен таныстырыңыз. Оқушылар тондық шкаланы қарастырады, ол туралы өз ойларын айтады?
Тапсырма №2
Тәжірибелік жұмыс
Қарапайым қарандашпен пейзаждың тондық суретің салыныз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылардың назарын жарық көзі қай жақта болады, көленке қалай түседі соған аударыныз. Суреттегі ең көленке (қараңғы) және ең жарық жерлерді анықтаныз.
Жұмысты штрих жасаудың әртүрлі тәсілдерін қолданып орындауға болады (үлестірмелі материалдарды пайдалануға болады).

Салынған суретті тондық шкаламен салыстырыңыз. Суретте қолданған тондарды талдаңыздар......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Денің сау болсын десең



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle