Сабақ жоспары (ұмж): Фантастикалық құстар (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Фантастикалық құстар (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Азан шақырып ат қою

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: Фантастикалық құстар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау
3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты жақсарту үшін идеяларын түсіндіру және ұсыну
Сабақ мақсаттары: • Табиғи әлемде кездесетің сәндік суреттерді анықтайды, талдайды;
• Табиғатта кездесетің сәндік элементтерді пайдалана отырып шығармашылық жұмыс (фантастикалық құс кескінің) орындайды;
• Жасалған жұмысты бағалайды, талдайды, ұсыныстар жасайды.

Құстардың бейнесін көрсетіңіз, олардың ұшқан кездегі қозғалысына, қауырсынының текстурасына, көзге тартымды көрінетін мәнерлі элементтеріне көңіл аударуын сұраңыз (бейне ролик, презентация және т.б.).
Сұрақ:
• Қандай құстарды білесіндер?
• Қазақстан жерінде қандай құстар мекендейді?
• Олар несімен ерекшеленеді?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Тапсырма №1
Оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушыларға екі суретті (құстың нақты бейнеленген суреті және фантастикалық суреттің бейнесі) салыстырып айырмашылығын айтып беруін ұсыныңыз. Сұрақтар:
• Фантастикалық құстардың шынайы құстардан неге айырмашылығы болады?
• Өз идеясын ұсыну үшін суретші несін өзгертті немесе қосты?
Оқушылар жұмыстарды талдап өз жауаптарын айтады.
Оқушыларға стилизация туралы қысқаша ақпарат беріңіз. Жалпы заттың бейнесін ою-өрнекке айналдыруда, оның пішіні де түсі де өзгертіліп стилизацияланады. Стилизация дегеніміз – табиғи тірі және өлі заттарды, формаларды ою-өрнек қалпына айналдыру. Ескертетін жағдай ол заттың өзіне тән қасиеті, яғни сызықтық бейнесі өзгеріссіз қалуы керек.

Тапсырма №2
Тәжірибелік жұмыс
Оқушыларға түрлі материалдармен фантастикалық құсты салуын ұсыныңыз. Оқушыларға заттарды стильдеу бойынша алған білімі мен тәжірибесін пайдалануға болатынын есіне түсіріңіз.
Құстардың бөлшектерін (қанаты, құйрығы, қауырсыны және т.б.) сәндеуге, ерекшелеу үшін құстардың пішінін өзгертуге де болады.
Жұмысты орындау барысында оқушылар әртүрлі көркемдік материалдарды пайдалана алады.
Ұсынылатын материалдар:
• Коктейльге арналған түтік және тушь.
• Қара фломастер.
• Түрлі-түсті маркерлер.
• Матрицамен басу.
• Тастанды материал
• Түрлі-түсті қағаз
• Түрлі-түсті қатырма қағаз.
Тәжірибелік жұмысты орындау дескрипторлары:
• Стилизация техникаларын қолдану;
• Жұмыстың ерекшелілігі (қайталанбауы);
• Жұмыстың ұқыптылығы.
Тапсырма №3
Жұмыстарды талдау және бағалау
Оқушыларға өз жұмыстарына сыни талдау жасауды ұсыныңыз.
• Бұл материалды неге таңдадыңыз?
• Құстың табиғи пішінін көрсеткенде айқын болуы үшін визуалды элементтердің қандай бөлшектерін пайдаландыңыз?
• Өз жұмысыңның ең мықты қырларын ата?
• Саған тағы қандай жұмыс істеуге қажет?
• Саған қандай дағдылар көмектесті, осы тарауды оқу барысында қандай дағдыларды дамыттың?
• Осы тараудан тірі табиғат туралы қандай жаңалық аштың?.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Ақша ма, махаббат па?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle