Сабақ жоспары (ұмж): Көңілді жануарлар (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көңілді жануарлар (Көркем еңбек, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тамақтан кейін оқылатын дұға

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: Көңілді жануарлар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу
Сабақ мақсаттары: • Әртүрлі жануарлардың ерекшеліктерімен танысу;
• Бір жануар бейнесін әртүрлі материалдарды қолдана отырып салу;

Қазақстан табиғатың және онда мекен ететің жануарлар бейнесін көрсетіңіз (бейне ролик, презентация және т.б.).
• Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Әнгімелесу. Сұрақтар:
• Қазақстан жерінде қандай жануарлар тіршілік етеді?
• Қандай жануарларды сендер жақсы көресіңдер?
1. Оқушыларға әртүрлі жануарлардың фотосуреттерін көрсетіңіз.
Оқушыларға әртүрлі жануарлардың суреттерін қарап, олардың қандай қимыл жасайтынын және дыбыс шығаратыны туралы ойлануды ұсыныңыз.
Оқушылар рөлдік ойындар түрінде ойнап, бір жануардың пантомимасын көрсетеді.
Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:
• Бұл жануарды олар неге осылай бейнеледі?
• Бірден көзге түсетін жануарлардың сыртқы қасиеттері қандай?
• Олардың айырмашылығы неде? Олардын өздеріне тән ерекшкліктерін атаныз.
2. Оқушыларға әртүрлі суретшілер орындаған туындыларды қарастыруды ұсыныңыз.
Сыныпты топқа бөліп, оқушыларға суретшілердің әртүрлі көркем материалдарда (матадан, қағаздан, табиғи материалдан, ермексаздан, ағаштан) және әр түрлі техникада орындалған жануарлардың бейнелерін немесе үлгі модельдерін қарастыруды ұсыныңыз. Оқушылар жануарлардың шынайы бейнелері мен суретшілердің әртүрлі бейнелеу техникаларын қолданып жасаған бейнелерімен салыстыруды сұраныз.
Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:
• Суретшілер қандай материал пайдаланған?
• Суретші жануарға тән ерекшеліктерін көрсету үшін қандай мәнерлеу құралдарын (сызық, дақ, түс, текстура) пайдаланған?
• Жұмыстың мәнерлілігіне түстік гамма қалай әсер етеді?
И. Ватагин және Генри Мурдың жұмыстарын мысал ретінде алып, суретшілердің жануарлар терісі фактурасының суретін бейнелеу үшін түрлі сызықтар мен штрихтарды қалай қолданатынын көрсетіңіз.
Тәжірибелік жұмыс
Әртүрлі қолда бар материалдарды таңдауына қарай пайдалана отырып, өздеріне ұнаған жануардың бейнесін жасауды (салуды) ұсыныңыз.
Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.
Оқушылар өздері қалаған техникада жануарларды бейнелейді.
1. Ермексаздан жануарды мүсіндейді;
2. Графика техникасында сурет салады;
3. Қағаздан аппликация жасайды және т.б. техникада жұмысты орындайды.
Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Көзіңе жас келеді



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle