Сабақ жоспары (ұмж): Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кеш ұйықтау зиян

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет және құқық
Сабақ тақырыбы: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 11.1.1.5 - қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау
Сабақтың мақсаты: Қазақстандық қоғамның саяси жүйесі түсінігі ашылады, мемлекет оның негізгі элементі ретінде қарастырылады.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Төмендегі сұрақтарды қою арқылы сыныптық талқылау жүргізу:
- Қоғамның саяси жүйесі дегенді қалай түсінеміз?
- Қоғамға саяси жүйе не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Саяси жүйенің маңызын қалай бағалар едіңдер?
Балалардың ойын тыңдаған соң саяси жүйенің анықтамасын тақтада көрсету:
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз - елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.

Ж.Берілген таратпа материалының 1 қосымшасына сәйкес жұппен келесі тапсырманы жазбаша орындайды:
1. Саяси жүйенің элементтерін анықтау
2. Саяси жүйе элементтерінің қоғамдағы мақсатын атау
3. Саяси жүйенің ең негізгі элементін табу

Т. 1. Қосымша 2 мен Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарын пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырады:
Мемлекет саяси жүйенің элементі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрініс табуы (баптары мен тармақшаларында)
Азаматтың жеке басының бостандығы
Саяси плюрализм
Мемлекеттік биліктің бөлінуі
Сайлауға және сайлануға құқық
Адам құқығының сақталуына кепілдік

Әр топ жазғандарын сынып ішінде оқып, бір-бірімен салыстырады, бағасын береді.
2. Топта неліктен мемлекет саяси жүйенің негізгі элементі екендігін талқылау қажет. Жауаптарын төмендегідей тұжырымдайды:
• Біздің тобымыздың ойынша....
• Біздің анықтағанымыз...
• Оған дәлел болады....(екі дәлел келтіру).....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ұялы телефонды қолдану қағидасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle