Құттықтаулар мен тілектер

туған күнге тілектер, құттықтау, тілек

Әлемнің бар жақсылығын, тұнығын, асылын, ізгілігін тілейміз. Әрбір жалдарыңыз жемісті, ойларыңыз арайлы, күндеріңіз нұрлы болсын.    Шаңырақтарың шаттыққа толып, бақытқа бөленіп, қуаныштан жадыраңыздар.




Жарқыраған нұрлы жүзіңізден ешқашан қуаныш кетпесін. Шаңырағыңыз шаттыққа толсын. Әр ісіңіз сәттілікпен өріліп, сізге Алланың нұры жаусын.    Аяулы ұстазымыз болып, арамызда жадырап-жайнап, аман-есен жүре беріңіз. Біз сіздің үмітіңізді әрдайым ақтауға тырысамыз.




Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай өтіп жатқан әр жылдарыңыз жақсылыққа толсын




Отбасыңа көшпес бақыт, таусылмас шаттық тілеймін. Ұл-қыздарыңның қызығын көр. Жаныңа ізгілік, иман, іңкәр сезім серік болсын. Толағай табыс әрдайым жаныңа қуат сыйласын. Шаңырағыңнан шаттық, босағаңнан береке арылмасын.




Кездеген мұрат-мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу - белестерді бағыңдыра бер.       Жалғанда жамандық көрмей, өмірің уайымқайғысыз өтсін.



Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көріп. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз.       Кеудеңе күн орнасын Ата-анаңның қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын.




Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан-сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биік тей берсін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу