Сабақ жоспары (ұмж): Құқықтық мемлекет түсінігі және оның қағидаттары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Құқықтық мемлекет түсінігі және оның қағидаттары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақша Махаббат хикаясы: Боташым...

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
Сабақтың тақырыбы: Құқықтық мемлекет түсінігі және оның қағидаттары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.1 құқықтық мемлекеттің қағидаларын айқындау
10.1.2.2 әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету
Сабақтың мақсаты: Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі, қағидаларын анықтау.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру.

Оқушылар слайдтағы суреттер арқылы тақырыпты анықтайды.
2. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсатымен таныстыру.
3. Жеке және жұптық жұмыс.

Оқушыларға құқықтық мемлекеттің белгілерін қарастыруға тапсырма беру керек. Оқушылар бұл белгілер қандай мемлекетке тән екендігін анықтауы тиіс.
1. Заң үстемдігі
2. Заң алдындағы азаматтардың теңдігі
3. Биліктің тармақтарға бөлінуі
4. Сот тәуелсіздігі
5. Саяси көппікірлік
4. Топтық жұмыс. Оқушылар құқықтық мемлекеттің белгілерін анықтап, постерге салады. Оқушылардың презентациялардан кейін мұғалім құқықтық мемлекет туралы мәтінді таратады. Оқушылар мәтін бойынша өздерінді тексеріп бағалайды.
5. Жұптық жұмыс. Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
6. Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінмен танысып құқықтық мемлекеттің белгілерін және қағидаларын анықтайды.
Құқықтық мемлекет белгілері. Құқықтық мемлекеттің қағидалары.


Келесі тапсырмада оқушылар кестедегі сұрақ бойынша мысал келтіреді. Кемінде 1 мысал келтіре алады.
Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары іс жүзінде орындалуда ма?
Жауабыңызға мысал келтіріңіз.


Топтық жұмыс. Қазақстанды және өзге мемлекеттердің құқықтық мемлекет ретіндегі белгілерін интеллект карта арқылы көрсетуге ұсынуға болады. Бұл жұмысты топтық жұмыс арқылы көрсету қажет:

1-топ Қазақстан
2-топ Европа мемлекеттерінің бірі
3-топ Латын Америкасы мемлекеттерінің бірі
4-топ Азия мемлекеттерінің бірі
5-топ Африка мемлекеттерінің бірі
Топтық жұмысынан кейін оқушылар «Қазақстан әлемде өзін құқықтық мемлекет ретінде жариялайды» атты тақырыпта шағын эссе жазады......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
20% және 80%



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle