Сабақ жоспары (ұмж): Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет және құқық
Сабақтың тақырыбы: Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру
10.1.1.2 құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу
Сабақтың мақсаттары:Құқық белгілерін қорытындылау, ұғымын түсіндіру.
• Құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу.

Қызығушылықты ояту кезеңі.
Оқушыларға тақырыпқа қатысты суреттерді тақтадан көрсетіп, пікірлерін білеміз. Проблемалық сұрақтар қоя отырып, тақырыппен байланысын сұраймыз.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері түсіндіріледі.
Мағынаны тану кезеңі.
Топтастыру. «Құқық дегеніміз?» Сұраққа топтастыру жасаймыз.
Құқықтың ұғымы мен белгілері.
Құқық дегеніміз – мемлекет шығарған немесе ресми түрде бекіткен, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін, адам бостандығы өлшемін білдіретін, жалпыға бірдей міндетті, формальды анықталған заң нормаларының (ережелерінің) жүйесі.
• Құқықтың белгілері:
1. еріктілік сипаты;
2. жалпыға міндеттілігі;
3. нормативтілігі;
4. мемлекетпен қамтамасыз етілуі;
5. формальды анықталғандығы;
6. жүйелілігі;
7. өзгермелілігі.

Топтық жұмыс. ТАЛДАУ
ҚР-сы Конституциясында бекітілген (Конституциясының 14-16 бабы):
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16-бап
1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
Cұрақ: Құқықтың қандай белгілері көрініс табады? Деген сұрақ топтарға қойылады.
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС/ 8 мин беріледі

1-ТОП. Постер қорғау
Тапсырма-1 /Құқық белгілерін талдап, ҚР конституциясынан нақты мысал келтіріңіз
1. Құқықтың еріктік сипаты
2. Құқықтың жалпыға бірдей міндеттілігі
3. Құқықтың мемлекетпен тығыз байланыста болуы
4. Құқықтың нормативтілігі
5. Құқықтың жүйелілігі
6. Құқықтың формальді анықтылығы

2-ТОП. Жоба /макет/ жасау
Тапсырма-2 / Құқықтың мəнін талдап, нақты мысал келтіріңіз / берілген құралдарды пайдаланып, макет арқылы түсіндіру
1) Құқықтың таптық мəні
2) Құқықтың əлеуметтік мəні
3) Құқықтың діни, ұлттық мəні.
3-ТОП. Рөлдік ойын
Тапсырма-3 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз
1. əділеттілік қағидасы
2. ізгілік қағидасы
3. заңдылық қағидасы
4. демократизм қағидасы
5. азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы
6. құқықтар мен міндеттердің бірлігі қағидасы .....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ас үйге қатысты пайдалы кеңестер



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle