Сабақ жоспары (ұмж): Сот төрелігінің қағидаттары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Сот төрелігінің қағидаттары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Банан: пайдасы мен зияны

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет және құқық
Сабақтың тақырыбы: Сот төрелігінің қағидаттары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.1 сот төрелігінің қағидаттарын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: Сот төрелігінің қағидаттарын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіреді.

Қызығушылықты ояту кезеңі.
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы не білесіз?
2. Сот жүйесі қандай қағидаларға негізделу керек? Сұрақтар арқылы оқушы пікірі тыңдалады.
Бейнесюжетке талдау жасау.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері түсіндіріледі.
Мағынаны тану кезеңі.


Сот төрелігінің принциптері мыналар:
1. Заңдылық;
2. Сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;
3. Судьяларды сайлау мен тағайындау;
4. Судьялардың тәуелсіздігі;
5. Судьяларға ешкімнің тиіспеуі;
6. Сот істерін кәсіби негізде қарау;
7. Барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;
8. Тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;
9. Сот ісінің тілі;
10. Сот ісінің жариялылығы;
11. Сот арқылы қорғану;
12. Кінәсіздік презумпциясы.
Талдау жасалады.
ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы):
Топтық жұмыс:
1-топ. Постер қорғау
Тапсырма-1 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз
1. Адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
2-топ. Бейнесюжетпен мысал келтіру
Тапсырма-1 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз
1. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
2. Сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
3. Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;
3-топ. Рөлдік ойын
Тапсырма-1 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз
1. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
2. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;
3. Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

4-топ. Сот процесін көрсету
Тапсырма-1 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз
1. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
2. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
3. ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
Презентацияларын қорғау.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды қорғап болғаннан соң, бағалау жүргізіледі.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Табысты адамды қалай тәрбиелейміз



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle