Сабақ жоспары (ұмж): Сот төрелігінің қағидаттары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Сот төрелігінің қағидаттары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Холецистит ауруының алдын алу

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам
Сабақ тақырыбы: Сот төрелігінің қағидаттары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.1 сот төрелігінің қағидаттарын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: Сот төрелігінің қағидаттарын білу;
Сот төрелігінің қағидаттарын мысалдар арқылы түсіну.

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға суреттер топтамасы ұсыну.
М. Сабақтың мақсатын, критерилерімен таныстырып, кіріспе жасап өту.
Сот төрелігі (әділ сот) – іс жүргізу тәртібімен жасалатын,азаматтық және қылмыстық істерді,сондай-ақ азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттін құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында экономикалық дауларды қарастыру мен шешу бойынша құқықты қолдану тәртібі.
Сот төрелігінің қағидаттары дегенді қалай түсінесіздер?деген сұрақты қоя отырып талқылау жүргізу.
Сот төрелігінің қағидаттары – мемлекеттік қызметтің осы түрінің елеулі жақтарын айқын-дайтын, жалпы, басшылыққа алынатын, негізгі ережелер. Бұл ережелер сот төрелігін ұйым¬дастыру мен жүзеге асыру¬дың барлық мәселелерін шешу, қоғам¬ның мемлекеттік тетігі мен саяси жүйесінде оның рөлі мен орнын айқындауда негізгі болып табылады.
Сот төрелігі қағидаттарының мағынасы:
– сот төрелігінің негізгі қырларын айқындайды, сондықтан, барлық сот төрелігі туралы нормалар оларға сай келуге тиіс;
– нақты нормаларға қарағанда тұрақты және өзгерістерге көп ұшырамайды, сондықтан, олар сот төрелігі саласындағы тұрақтылық пен сабақтастықты айқындайды;
– нақты құқықтық актінің мақсаттары мен нағыз бағыт­тары туралы ақпаратты қамти­тындықтан, сот төрелігі туралы басқа да нормаларды дұрыс түсіндіру үшін зор маңызға ие.

ҚР Коституциясының VІІ бөлімі «Соттар және Сот төрелігі» деп аталады. Сот төрелігінің қағидаттары 77-баптың 3-ші тармақшасында көрсетілген.

М. Сот төрелігінің қағидаттарының екеуіне (1 және 7) мысал келтіре отырып, оқушылармен талдайды.
Мысалдар:
1-жағдаят. Кеше Алматы қаласында Ж деген мемлекеттік қызметкер 130 000 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды .Оқиға орнына болған БАҚ журналистері отандық телеарналарда азамат Ж-ны пара алушы қылмыскер ретінде жаңалықтарда көрсетті. Келесі күні Ж деген азамат БАҚ журналистерінне арыз жазып, сотқа шағымданды. Неге?
2- жағдаят. Алматылық полицейлер тұрақты түрде пәтер тонаумен айналысатын ұрыларды қолға түсірді. Алматыдағы Әуезов ауданында үйлер мен пәтерлерді тонайтындардың ісі бақылауға алынды. Барлық тонау ісі бір біріне ұқсас болды.Күдіктілердің бірі Д есімді азаматтың жұбайы Р атты азаматша тергеу орындарына шақырылды, алайда, Р деген азаматша жұбайы жайында айғақ беруден бас тартты. Неліктен?

Ж/Т жұмыс. Мәтіндегі сот төрелігінің қағидаттарымен танысып, сол қағидаттарға байланысты жұпта немесе топта жағдаяттар құруға тапсырма беріледі.
Дескриптор: ҚР Коституциясының VІІ бөлімі 77-баптың 3-ші тармақшасын пайдалана отырып . 1 жағдайят құрастырады.

Топтардың немесе жұптардың таныстырылымы.

Мәтінмен жұмыс. Отандық сот жүйесі тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда көптеген қайта құрулар мен өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде өзгерістерге қандай баға берер едіңіз?

Дескриптор: Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда Отандық сот жүйесіндегі қайта құрулар мен өзгерістерге мәтіндегі пайдалана отырып, 10 баллдық жүйеге сай ,2 аргумент арқылы баға береді.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle