Сабақ жоспары (ұмж): « Әкімшілік құқық негіздері» (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): « Әкімшілік құқық негіздері» (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ұзақ өмір сүру үшін қандай сусын ішу керек

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әкімшілік құқық түсінігі
Сабақтың тақырыбы: «Әкімшілік құқық негіздері»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.6.1.1 Әкімшілік құқық ұғымын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: • Білу:
Әкімшілік құқық ұғымын сұрақ-жауап алмасу негізінде түсіндіреді
• Сыни ойлау:
Жағдаяттарды талдау арқылы, заң баптарына сілтеме жасайды
• Рефлексия:
Проблемалық сұрақтарға жауап берудің негізінде «Әкімшілік-құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді?» деген сұрағына қорытынды шығарады.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу;
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары
Экологиялық заңдар
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні мен жүйесі
Әкімшілік құқықтың реттеу әдістері
Әкімшіліқ құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік құқық Қазақстан құқығының іргелі саласы болып табылып, конституциялық және азаматтық құқықтармен қатар қоғамдық қатынасты реттеуде жетекші орын алады. Әкімшілік құқық дегеніміз - мемлекеттің мүддесі қорғалатын және танылатын көпшілік құқықтың нормалары.

Әкімшілік-құқық қатынас қатысушыларының бірі болып әрқашан мемлекеттік –билік өкілеттілігіне бөліп берілген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) кіреді (қатысады ). Сол себепті әкімшілік-құқық қатынас ереже бойынша әрқашан теңсіздік субординация қатынасы, оның бір жағы- мемлекеттік –билік өкілеттілігіне бөліп берілген орган басқарушы (басқару субъектісі) ретінде, ал басқасы басқарылушы (басқару объектісі) ретінде кіреді (қатысады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар(теріс қылық) деп мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіп, меншік, азаматтардың бостандығы мен құқығы, құқыққа қайшы басқарудың белгіленген тәртіптері , айыпты (қасақана немесе абайсыз) әрекеттілік немесе әрекетсіздіктер танылып, осылардың бәріне заң тұрғысынан әкімшілік жазаға тарту қарастырылған.

Әкімшілік жауапкершілік- бұл заңды жауапкершілік түрі, ол жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік-биліктік сипатынан белгілі бір айыру претерпевать тұлғаның міндетін анықтайды.

Жаңа сабақты бекіту.
16 жасқа дейінгі жұмысшылар мен оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы:
А) 24 сағат
В) 36 сағат
С) 40 сағат
Д) 20 сағат [А]
16 жастан 18 жасқа дейінгілерге апталық жұмыс уақытының ұзақтығы:
А) 24 сағат
В) 40 сағат
С) 36 сағат
Д) 20 сағат [С]
Адамның құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын (ақшалай айып, мүлкін тәркілеу) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы:
А) қылмыстық жаза
В) әкімшілік жаза
С) салық салу
Д) қоғамдық жұмыстарға тарту ......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Үйге кіргенде оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle