Сабақ жоспары (ұмж): Заңнамада отбасы қалай қорғалған? (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Заңнамада отбасы қалай қорғалған? (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Адамның мінезін ұйқысына қарап қалай анықтауға болады

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Неке және отбасы құқығы түсінігі
Сабақ тақырыбы: Заңнамада отбасы қалай қорғалған?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.5.1.1 ¬ неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаты: Неке мен отбасының қоғамдағы маңызды ролін түсінеді.

(Б) Ұйымдастыру сәті. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.
Зерттеу сұрақтары:
Отбасы деген не?
Неке деген не?
Мемлекет отбасын қалай қорғайды?
Отбасы мүшелерінің қандай құқықтары болады?
(Б) Бастапқы стимул. Диалог. «Мерейлі отбасы-2018» концертінен сурет немесе бейнематериалдан үзінді көрсетіп әңгімелесу.
• Бұл бейнематериалда көрсетілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаты не?
• Осы конкурсқа қатысқан отбасылар нені насихаттайды?
• Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова сөзінде қандай құндылықтар туралы сөз етті?
Зерттеу мен талдау.
(Б) Қысқаша шолу. (проблемалы баяндау, 3 минут) ҚР Конституциясында отбасы туралы қандай баптар бар? 18-баппен таныстырып, мысал келтіріп түсіндіру. (қосымша 1)

1-тапсырма. Сыныпта мүмкіндік болса, «Отбасы құндылықтарын сақта» бейнебаянын көрсетіп, зерттеу сұрақтары аясында неке, отбасы ұғымдары туралы пікір алмасу, талқылау ұйымдастырылады. (оқушылар қажетті ақпаратты түртіп жазып алады немесе дайын мәтіндер таратылады)
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.
Еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп атаймыз Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады.
(Т) 2-тапсырма. Топта талқылау. Сыныпты төрт топқа бөліп, топта орындауға тапсырма беріледі.
1-топ. Отбасының атқаратын функциясы.
2-топ. Отбасының құндылықтары.
3-топ. Отбасы мүшелерінің құқықтары
Дескрипторлары:
Топтың тақырып мазмұны бойынша жауап іздеп зерттейді;
Отбасының қызметінің маңыздылығы туралы қорытынды жасайды.
Өз пікірлерін дәйектеп, постер жасап түсіндіреді.
Оқушыларға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі» (Қосымша 1) баптары таратылады.
Оқушылардың өздері дескрипторларға сай бағалайды, мысалы, бірнеше оқушыны «эксперт» ролінде қойып бағалатуға болады.
(Д) 3-тапсырма. «Мерейлі отбасы қандай болуы керек?» атты шағын ой толғау жазу.
Дескрипторлары:
Отбасы құндылықтарына кем дегенде 2 аргумент және дәлел келтіреді.
Кем дегенде 2 дәлел келтіреді.
Қорытынды ой түйін жасап, мәселені шешу жолын ұсынады. ......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ тапсыратын түлекті ата-ана қалай қолдау керек?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle