Сабақ жоспары (ұмж): Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді? 2-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді? 2-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Суық тигізіп алсаңыз...

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құқық түсінігі
Сабақ тақырыбы: Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.1.1 Әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы мен рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары:құқық, мораль, әлеуметтік норма, заң, құқықтық мәдениет ұғымдарының мағынасын анықтайды;
құқық пен моральдың айырмашылықтары мен байланыстарын анықтайды.

Сәлемдесу. Танысу.
«Миға шабуыл»
Құқық дегеніміз не?
Б. Оқушылылар құқық сөзімен не ассоциацияланатынын айдады
Б «Мен бұл пәннен нені күтемін?»талқылау ұйымдастыру.
Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Оқушыларға оқу мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру
М. «Әлеуметтік норма» ұғымына түсініктеме беру. Интерактивті тақтада тақырыпқа сай ұғымдар мен терминдер көрсетіледі.
Б. Мәтінмен танысу
Әлеуметтік нормалар дегеніміз-белгілі бір мәдениет-құндылықтарына сәйкес адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық өмірді реттеуші әрі қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын нығайтушы стандарттар. Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық және моральдық нормаларға бөлудің маңызы зор.
Құқықтық нормалар заң пішімінде, кейде мемлекет немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты заңи нормаларды мазмұндайды.
Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдің, жеке адамның имандылық парызының күшімен қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік нормалар тек заңи және адамгершілік нормаларға ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып мен дәстүрге де арқа сүйейді.
Б. Мораль және құқықтық нормаларға қатысты мысалдар келтіре отырып, оқушылармен талқылау жұмысын жүргізу. Жұптық жұмыс. Оқушылар Венн диаграммасы арқылы мораль мен құқықтың айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтайды.
Дескрипторлар:
1. Моральдың кем дегенде 2 айырмашылығын анықтайды;
2.Құқықтың кем дегенде 2 айырмашылығын анықтайды;
3.Мораль мен құқықтың кем дегенде 2 ұқсастығын табады.
Д. Елімізде құқық бұзушылықтардың орын алу себептері азаматтардың заңдарды білмеуінен бе, әлде құқықтық мәдениеттің төмен болуынан ба?
ПТМС формуласын орындаңыз
Позиция (елімізде құқық бұзушылықтардың орын алу себептері азаматтардың заңдарды білмеуінен / елімізде құқық бұзушылықтардың орын алу себептері құқықтық мәдениеттің төмен болуынан )
Түсіндіру (себебі.......)
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)
Дескрипторлар:
1. Оқушыны бір позицияны таңдайды
2. Өз позициясының себебін толық ашады
3. Өз позициясына кем дегенде 2 мысал келтіреді
4. Өз позициясына 3 сөйлеммен қорытынды жасайды......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жаман құлық - пейілден құтылу дұғасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle