Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды? 2-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды? 2-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Жанымды сағынумен күндерім өтуде

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
Сабақ тақырыбы: Неліктен Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.1.1 конституциялық құрылым негіздерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін дәлелдеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылықты ояту:
- Суреттің негізгі идеясы қандай?
- Егер адам қай дінге жататынын өзі анықтаса және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы болса, онда бұл қандай мемлекет болып табылады?
ІІ. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты және бағалау критерийлерін анықтау, талдау.
Интерактивті тақтаға ҚР Конституциясының 1 бабын көрсету.
Бапта кездесетін жаңа ұғымдарды талдау. Демократия, зайырлы, унитарлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ұғымдары аясында өздерің ассоциацияларын келтіру.

Жұптық жұмыс.
Тапсырма: Ғаламторды пайдалана отырып Венн диаграмасы арқылы зайырлы мемлекет пен діни мемлекеттің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.
(Ноутбуктармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды оқушылардың естеріне салу)

Дескрипторлар:
1. Зайырлы мемлекеттің кем дегенде 3 айырмашылығын анықтайды.
2. Діни мемлекеттің кем дегенде 3 айырмашылығын анықтайды.
3. Зайырлы және діни мемлекеттердің кем дегенде 3 ұқсастықтарын анықтайды.
Өзара дескриптор бойынша бағалау.

Топтық жұмыс.
Тапсырма: ҚР кесте бойынша сипаттау және басқа мемлекеттермен салыстыру.

ҚР сипаты Белгілері Артық
шылығы Мысалы ретінде мемлекеттер
Демократиялық мемлекет
Құқықтық мемлекет
Зайырлы мемлекет
Әлеуметтік мемлекет

Дескрипторлар:
1. Демократиялық мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.
2. Құқықтық мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.
3. Зайырлы мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.
4. Әлеуметтік мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал кетіреді.
Дескрипторлар бойынша өзара топтық бағалау.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle