Сабақ жоспары (ұмж): Жобаны таныстыру (Музыка, 6 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жобаны таныстыру (Музыка, 6 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Классикалық музыканың үздік туындылары
Сабақ тақырыбы: Жобаны таныстыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.1 шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;
6.1.2.4 ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Топта шығармашылық жұмысқа арналған композицияны жақсартады;
• Пәндік терминологияны қолданып, шығармашылық жұмысты қорғайды;
• Басқалардың жұмысын бағалайды.

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсаттырымен таныстыру.
Стартер: Берілген тапсырмаларды орындау.
Жұмыстарды алмастырып, өзара тексеру жүргізу.

Тапсырма: Жобаға дайындық
«Оркестр», «Опера», «Балет» тобындағы балалар алдынғы сабақтағы дайындықты жалғастырып жүргізу. Сыныпқа дайындалуға арнайы уақыт беру.
1 топ – шулы аспаптар көмегімен оркестрге арналған композиция орындау;
2 топ - «Біржан- Сара» операсы негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету;
3 топ - «Щелкунчик» балеті негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету.
Бағалау критерийлері:
• Жоба тақырыбына сай сюжет;
• Сюжетке музыканың сәйкестігі;
• Топтық жұмыс;
• Топтағы ансамльдік орындау;
• Музыканың көркемдеуші құралдарын ескеріп көрсету.

Тапсырма. Қорғау, презентация және бағалау.
Музыкалық терминологияны пайдаланып, өз жұмыстарыңызды талдаңыздар:
Сюжеттің қысқаша мазмұны?
Әр қайсыңыздың рөлі (жұмыс графигі)?
Сәтті және қиындық туғызған кезеңдер? Неге?
Жұмыс графигіндегі көзделген мерзімді пайдалана алдыңыздар ма?
Қандай білім мен дағдыны ала алдыңыздар?
Осы жұмыстарыңыз көңілдеріңізден шықты ма?
Өз жұмысыңызды жақсарту үшін не істедіңіздер?
Жұмысты жасау барысында қойылған мақсатқа жеттіңіздер ме?
Нені жақсартуға болар еді?
Сынып алдында өз жобаңызды көрсетіңіз (декорация, шулы аспаптар, костюмдер және т.б).
Көрініске арналған декорация, костюм элементтерін, сонымен қатар оркестр дайындауға шулы аспаптарды алдын ала дайындау қажет.
Бірін бірі бағалауды ұйымдастыру (таратпа кесте).......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әйел әдептері



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle