Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның кәсіби музыкасы 1-сабақ (Музыка, 6 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның кәсіби музыкасы 1-сабақ (Музыка, 6 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
АНАНЫҢ РИЗАЛЫҒЫ

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Классикалық музыканың үздік туындылары
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның кәсіби музыкасы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.1.2 оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу;
6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Оркестр аспаптарын танып біліп, ажыратады;
«Легенда о домбре» шығармасын тыңдап оған талдау жасайды;
Қазақстанның кәсіби музыка орындаушылары туралы біледі.

Стартер: «Сөзді тап»
Кез келген бір оқушыны шақырып, берілген сөзді жасырып сыныпқа көрсету. Басқа оқушылар сипатын береді, ал осы оқушы қайсы түсінік екенін айтып беру қажет. Түсініктер: симфониялық оркестр, ұлттық оркестр, рояль, музыканың көркемдеуші құралдары, мәдениет қайраткерлері. Осылайша оқушылармен сабақтың тірек сөздерін, мақсатын талқылап қайталау.
Тапсырма. Тыңдау және талдау
«Музыкалық аспаптарды тап» викторинасына жауап беру. Әр дыбыстаған аспаптың қай топқа жататын сұрап отыру жөн.
Қандай оркестрдің құрамындағы аспаптар аталды?
Неше топ бар? Атап шығыңыздар.
Осы аспаптардың дыбысталуын тыңдап көрдіңіздер ме?
Симфониялық оркестрдің құрамын қысқаша оқушылармен талдау: ішекті, үрмелі ағаш, үрмелі темір, ұрмалы топтарға тоқталу.

Тапсырма. Қорытындылау
Топта сәйкестікті тауып аспаптарды топтарына қарай жіктеуді тапсыру. Барлық топ ақылдасып біткен соң бірін бірі бағалауды ұйымдастыру.
Тапсырма. Тыңдау және талдау
Н.Мендыгалиевтің "Легенда о домбре" шығармасын тыңдап, топта талдау.
Сұрақтар:
Шығарманы қандай аспап орындайды?
Бұл аспап қандай аспаптар тобына жатады?
Ол қандай аспаптың дыбысталуын бейнелеп тұр?
Орындаушы қандай әдіс-тәсілдер арқылы оны бейнеледі?
Берілген сұрақтар арқылы фортепиано аспабында ойнау әдіс-тәсілдері туралы оқушылармен кішігірім зерттеу жүргізу. Бір музыкалық аспап, басқа музыкалық аспап дыбысына имитация жасай алатындығы туралы оқушыларға түсінік беру.
Халық музыкасы негізінде қалыптасқан Қазақстанның кәсіби музыкасы жөнінде ақпарат дайындау ұсынылады. А.Жұбанов М.Тулебаев, Б. Байқадамов, Г. Жұбанова, Н.Мендыгалиев, Е.Рахмадиев т.б композиторлар туралы қысқаша мәлімет беру.
Тапсырма. Ақпарат іздеу.
Қазақстанның мәдениет қайраткерлері туралы ақпарат тауып, оларды жарнама түрінде сыныпқа таныстыруды тапсыру.
1 топ - Алан Бурибаев (дирижер)
2 топ - Айман Мусаходжаева (скрипка)
3 топ - Марат Бисенгалиев (скрипка)
4 топ - Жания Аубакирова (фортепиано)
5 топ - Айгүл Үлкенбаева (домбыра)
6 топ - Раушан Оразбаева (қобыз)
Бағалау критерийлері:
Музыкант туралы нақты мәліметтер;
Топтағы бірлескен жұмыс;
Шығармашылық ізденіс.
Әр топ өз жарнамасын көрсетіп болған соң оқушылармен өз ара бағалауды ұйымдастыру..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Азан шақырып ат қою, Мұсылманша ат қою



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle