Құранды тез жаттау үшін керек 13 қағида


Құранды жаттап алу – мүміннің қолынан келетін ұлы құлшылықтардың бірі. Өзге мұсылмандардың алдында хафиздердің артықшылығын айтып жатудың еш қажеттігі жоқ. Бұл мақалада Құранды тез әрі сәтті түрде жаттап алудың 13 қағидасы жөнінде сөз өрбітетін боламыз.
Құран жаттау – бұл рухани әрі физикалық жоба екенін естен шығармаңыз. Егер сіз Құран жаттауда шыдап соңына дейін жетер болсаңыз, онда бұл Алланың сізге нәсіп еткен бір мейірімі. Егер сіз Алланың берген бұл нығметін пайдаланғыңыз келсе, онда сіз рухани және физикалық түрде бұл үрдістен барынша пайда алуға тырысуыңыз қажет.


1. Шынайылық.

Ең бірінші көңіл аударатын дүниеңіз – бұл сіздің ниетіңіз болуы керек. Егер ниетіңіз дұрыс болса, Алла қаласа, сәттілікке қол жеткізесіз. Құранды адамдар сізді танып-біліп, құрметтеуі үшін емес, тек Алла және Оның разылығы үшін жаттауға ниеттенуіңіз тиіс. Осы ниетіңіз үшін Алла Тағала ақиретте сізге сый нәсіп етеді. Есіңізде болсын, ниетіңізді әр кез жаңартып отыруыңыз қажет.


2. Табандылық.

Жиі жаттаған сайын, жаттау үдерісі жеңілдей түсетін болады. Жүйелі болу аса маңызды, бір күнді де жібермей жаттаңыз. Аллаға құлшылық етуде демалыс деген болмау керек. Кем дегенде күніне 3 жолдан жаттап отыру керек, ал 5 жолдан жаттай алсаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Мұндай қарқынмен, Алла қаласа, бір 5-6 жылда хафиз болып шыға келуіңіз де ғажап емес.


3. Уақыт таңдау.

Көптеген хафиздер таң намазынан кейінгі уақытта Құран жаттауға кеңес береді. Бұл ең қолайлы кез, өйткені ойымыз күйбең тірлік міндеттерінен ада болады.


4. Жағдай.
Сізді ешкім де, ешнәрсе де мазаламайтындай бір оңаша жерді таңдаңыз. Басқа нәрселерге көңіліңіз бөліне беретін болса, сіз Құран аяттарын есіңізде сақтай алмайсыз. Мұның ұялы телефондарға да қатысы бар.


5. Дағдылық.

Құран жаттауға бір уақытта, белгілі бір орында кірісіңіз және бір кітапты ғана қолдануға дағдыланыңыз. Мұсхафтардың әртүрлі нұсқаларынан өзіңізге анағұрлым ұнайтынын таңдаңыз. Көздеген мақсатыңызға жеткен кезде, бұл мұстахаф сізге сондай қымбат болады.
6. Қайталау – оқу анасы.
Аяттар мен сүрелерді қайта-қайта қайталай беріңіз. Сондай-ақ, Құранды тыңдау да артық болмайды. 
7. Аудармасымен бірге жаттаңыз.
Құранды жаттамас бұрын оның аудармасымен танысыңыз. Мәтіндегі араб сөздерін олардың мағынасымен салыстырыңыз.


8. Құранды тыңдаңыз.

Жаттамас бұрын өзіңіз жаттайын деп отырған мәтінді бірнеше рет дұрыстап тыңдап алғаныңыз абзал. Осылайша сіз мәтінді жақсы әрі дұрыс жаттай аласыз. Аттары әлемге танымал Құранды мәнерлеп оқитын көптеген адамдар өз шәкірттеріне дәл осындай кеңес береді. 


9. Тыңдаушыңызды табыңыз.

Жаттап алған аят, сүрелеріңізді достарыңызға немесе отбасы мүшелеріне оқып беріп отырыңыз. Ең жақсысы әлгі адамның да сіз сияқты Құран жаттаушысы болғаны дұрыс болар еді. Осылайша сіздер бір-бірлеріңізге ұстаз боласыздар.


10. Қолданыңыз.

Жаттап алған сүрелеріңізді намазда қолданыңыз, егер ұмытып қалар болсаңыз, Құранды ашып, есіңізге түсіретін боласыз. Ал уақыт өте келе аяттарды мүлде ұмытпайтын боласыз.


11. Құранды жаттау, қайталау кестесін мүлтіксіз орындаңыз:

* Жаңа көлемді тағайындаған уақытыңызда жаттайтын болыңыз;
* Жаңа аяттарды жаттамас бұрын 7 күн бұрын жаттаған мәтіндеріңізді қайталап отырыңыз. Ең соңғы жаттағандар тез ұмытылатын болады. Осылайша, сіз алдында жаттағандарыңыз бен енді жаттайын деп отырған мәтіндеріңізді байланыстыратын боласыз. Сонымен қатар, бұл ми үшін де үздік жаттығу болады;
* Күні бойы соңғы аптада жаттағандарыңызды қайталап жүріңіз. Күнделікті қайталайтын мәтіндер көлемі 4-5 бетке жетуі керек.


12. Бірізді болыңыз.

Егер әлдебір сүренің жатталуы сізге қиын тиіп жатса, оны тастап басқа бір бетке ауысып кетуші болмаңыз. Тәртіпті сақтаңыз. Тек жаттау тәртібін сақтау арқылы ғана сіз жүзден жүзге ауысып отыратын боласыз әрі сіздің жатталмай қалған аяттарыңыз болмайтын болады.


13. Құранды 3 тарауға бөліп алыңыз.

Өзіңізге ыңғайлы, қолайы болуы үшін Құранды соңынан бастап жаттаңыз. Қысқа сүрелер сізге жақсы түрткі болады. Құранды 3 тарауға бөліп жаттау дұрыс:



1. 28-ден 30-ға немесе 29-дан 30-ға дейінгі жүздер.
2. Әл-Кәһф сүресінен 28-ші жүзге дейін.
3. Әл-Бақара сүресінен әл-Кәһф сүресіне дейін.


Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман сайлау
    Оқырман сайлау 12.01.2022 17:51
    0 + 1 -
    Әруақтарға иәсін сүресінен 1-21 ші аятты оқыса бола ма
  2. АЯНАТ
    АЯНАТ 14.03.2021 13:35
    0 + 1 -
    осы керемет

Ілмектер: Құран, Құран жаттау