Ұстаз: Дара тұлғаның - дара жолы


                                                                                                                            №39 «Қызылөзек» орта мектебінің

                                                                        Бастауыш пән мұғалімі

                                                                        Есетова Айдана Аманбаевна

 


Дара тұлғаның дара жолы туралы эссе

Ұстаз, ол – ұлы есім. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, өз жұмысын адалынан атқарып, мектепті екінші үйіндей көретін ұстаздар еңбегінің оқушы өмірінде алар орны ерекше. Ұстаз тек қана білім беріп қоймай сонымен қатар оқушы үшін ол – екінші ана, сырлас дос, психолог, жанашыр жан.

Мен отбасымда балалық шағымнан көрген мамандығым - ұстаздық. Әкем Есетов Аманбай Есетұлы 1947 жылы Қазалы ауданы,Бірлік ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.Отбасында 4 ер бала тәрбиеленеді.Әкем үйінің ең кішісі болады.Әкемнің ағасы Нағи 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысында қаза табады.Өзінен үлкен бір ағасы Рахи механика маманы болып жұмыс жасаса,екінші ағасы Қожабақы ауылында мұғалім болып жұмыс жасайды.Менің әкемнің әкесі ерте қайтыс болып еңбекке өте ерте араласқан жан.Бір күні еңбек етіп жүріп,Қызылорда қаласына келеді.Облыс орталығында жоғары оқу орындарына конкурс жарияланып жатқанын көріп қатты қуанады.Бұл 1971 жылы болса керек.Әкем осы жылы Орал қаласына Орал Педагогикалық институтына Тарих және Педагогика мамандығы бойынша оқуға түсіп, студенттік ең қызықты күндерін бастайды.1972 жылы дәл осы Орал Педагогикалық Институтына анам Есетова Гүлжиян Шаяхметқызы Орыс тілі және орыс әдебиеті факультеті бойынша оқуға түседі.Осы оқу орнында оқып жүріп арман қуған екі жас отбасын құрады.Әкем мен анам 1976 жылы оқу орнын аяқтап қолдарына диплом алып ауылға қайтады.Ауылға келген соң, Қалалық білім бөлімі қол ұстасқан қос маманды Қазалы ауданының Қарақалпақстан мемелекетімен шекаралас Қызылқұм совхозына әкемді Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,анамды Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі етіп жұмысқа жібереді.Әкем мен Анам сол ауылда 3 жыл жұмыс жасап туған ауылы Қожабақыға жұмыс ауыстырады.Қожабақы ауылында 1979-1989 жылдар аралығында 10жыл №25 мектепте әкем Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі,анам Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.1989 жылы Қазалы аудандық Қалалық білім бөлімінің шешімімен Тасарық ауылындағы №238 орта мектепке әкем Мектеп директоры, анам Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет ауыстырады.Әкем Есетов Аманбай Есетұлы 25 жылға жуық басшылық қызмет атқарып, анам Есетова Гүлжиян Шаяхметқызы 40 жылға жуық орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек демалысына шығады.Қызмет жасау барысында түрлі Республикалық,Облыстық,Аудандық құрмет грамоталарымен марапатталады.Анам ауданға белгілі үздік «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі атанады.Қазіргі тағда еңбек демалысында болса да,Қазалы аудандық білім бөлімінің назарынан тыс қалған емес.Жыл сайын Ұсаздар мерекесі,Ардагерлер күні қарсаңында ата-анамды түрлі кештерге шақырып құрметтерін көрсетіп жатады. Ата – анамнан «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деген қанатты сөзді естіп өскен маған, ұстазға деген ыстық ықылас пен ерекше құрметім әрдайым жоғары еді.

   Ұстаз мамандығы үлкен төзімділікті, жауапкершілікті, ізденімпаздықты, шығармашылықты талап ететін киелі жол. Білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болуда, бірақ жалғыз өзгермес дүние, ұстаз – оқушылар алдында білім берудің нағыз шебері. Нағыз шебер өзінің күшті жақтарына сенеді, білім беру жүйесінің алға жылжуына ат салысады және оны оқушыларына үйретеді.

Менің ата-анамда өз еңбек жолында аянбай қызмет етіп,өз оқушыларына сабақ беруде, теориялық білім берумен бірге жаңашыл әдістемелердің мүмкіндігін мақсатпен пайдалана білудің төмендегідей іскерліктерін қалыптастырған.

  • Әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі
  • Оқушылардың таным қабілетін,өздігінен білімін,іскерлігімен дағдысын жетілдіру іскерлігі

Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында және оқушылар алған білімдерін өз өмірлерінде пайдалана алу үшін, әр сабағын оқушы жеңіл қабылдайтындай, қызықты етіп өткізген.Оқушы үшін барлығы мектеп табалдырығынан басталады, ал мектеп ұстаздан бастау алады. Білім жүйесіне қандай өзгерістер енгізілсе де, қандай құрал – жабдықтар қолданысқа кірсе де, ұстаз мектептің өзгермес қазығы.

Бала күнімде Анам маған өз мамандығы жайлы айтқанда: күнде таңертең мен өзіме сұрақ қоямын: бүгінгі жаңа күн не әкеледі? Біз ұстаздар барлығына дайын болуымыз керек: науқас бала, ашуланған ата – ана, сыныптағы жанжал, оқушылардың қуанышы мен реніші, жетістіктері. Кейде оқушылар жаныма үнсіз келіп тұрғанның өзінде, олардың алдындағы үлкен жауапкершілігімді сезінемін.

Оқушыларыма үнемі «үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген мақалды айтып отырамын. Өздерінен кішіге қамқор болып, үлкен адамдарға сыйластық танытып жүрген оқушыларымды көргенде бір марқайып қаламын. Осындай қызықты әрі жауапкершілігі мол өз жұмысымды сүйіспеншілікпен атқарамын және өмірдегі басты мамандық – ұстаз болғаным үшін мақтанамын деп айтатын.

Ал әкем:«Жалпы ұстаз болудағы үш ұстанымым, олар: оқушыларға деген сүйіспеншілік және олардың мүмкіндіктеріне шексіз сену, жұмыс істеудің тиімді әдістерін үнемі іздеу, балалармен және олардың ата – аналарымен ынтымақтастық. Жұмыс атқару барысындағы тағы бір басты ұстанымым «суық қабақ танытпай, үнемі күлімдеу», олай болмаса балалармен жұмыс жасау мүмкін болмайды. Ұстаз бала жүрегіне жол табу үшін, оны өзіне тартып, үнемі жылу шашып, оқушы өзіне сенім арта алатындай тұлға болуы керек» дейді.

Ата-анамның еңбек жолын зерттей келе менің ойыма түйгенім, ұстаздық борыш – адамға тән өмір сүре білетін жеке тұлға қалыптастыру деп білемін. Және ата-анам салған ізгі мұра жолды жалғап, менде ұстаз мамандығын таңдадым.Сондықтан менен білім алып жатқан болашақ маман – шәкірттерімнің болашағына үлкен сеніммен қараймын. Менің шәкірттерім заманауи технологиялар заманында осы қоғамға сай өмір сүре алатын білімді де, білікті, елін, жерін, мамандығын сүйетін, адамдарға ізгілік жасайтын, шәкірт жүрегіне жол табатын маман болып шығуы керек.Ата-анамның жолын қуып, ұстаздық етіп жүрген мен, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, кәсіби маман дайындаудағы еңбегімнің еш кетпейтініне сенемін.   



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу