Сабақ жоспары (ұмж): Айтыс- сөз сайысы 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Айтыс- сөз сайысы 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тырнақ берік болуы үшін қандай дәрумендер керек

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Айтыс- сөз сайысы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату
3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Сабақ мақсаттары: - Айтыс өнерінің ерекшеліктерімен танысады;
- Айтыс өнеріндегі әуеннің маңыздылығын біледі;
- Айтыс жасап, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.
- Өз орындауларына және өзгелерге баға береді.

Музыкалық сәлемдесу
Сөз сайысы. Мақал-мәтел жарысы.
Өткен сабақты қайталау.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстырыңыз.
1-тапсырма. Тыңдалым
Төреғали мен Қайнардың айтысын тыңдаңыз және бейнежазбасын қараңыз.
Сыныпта талқылау :
- Не байқадыңыз?
- Айтысқа қандай тақырып қоясыз?
- Айтыс өнерінде басты назар неге аударылады?
- Айтыскер қандай аспапта орындап отыр?
- Айтыс дегеніміз не?
- Айтыстың қандай түрлері бар?
- Қандай айтыскер ақындарды білесіздер?
Айтыс –сөз сайысы, жыр жарысы, қазақтың ұлттық өнері.
Айтыс өнерінің түрлері:1. Бәдік; 2. Жар-жар; 3. Жануарлар мен адамның айтысы; 4. Өлі мен тірінің айтысы; 5. Жұмбақ айтысы; 6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы.

2 -тапсырма. Импровизация.
«Оқушы мен Мұғалім» тақырыбында айтыс шығарыңыз.
Айтысты орындау барысында шулы және музыкалық аспаптарды қолданыңыз.
3-тапсырма. Презентация және бағалау.
Өз орындауларыңызды таныстырыңыз. Өзіңіздің және өзгелердің жұмыстарына кері байланыс жүргізу арқылы баға беріңіз. Немесе бағалау критерийі бойынша бағалаңыз..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тойға кеңес: Тойхана, Құдалық, Көрпе-төсек, Ұзату той



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle