Сабақ жоспары (ұмж): Терменің мәнді сөздері (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Терменің мәнді сөздері (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Өміріңізді өзгертетін 20 дағды

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Терменің мәнді сөздері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату
3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну музыкалы
3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу
Сабақ мақсаттары: - Бекболат Тілеуханның орындауында Абайдың «Сегіз аяқ» әнін тыңдайды және талдайды;
- Нақыл сөздерге презентация жасайды
- Б.Аманжоловтың «Достық термесі» әнін үйренеді және орындайды;
- «Жақсы және жаман» тақырыбына өз өлеңдерін шығарады:
- Өзінің және өзгенің жұмысына баға береді.

Музыкалық сәлемдесу
Абай өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысын өткізіңіз.
Сөз өнерінің құдіретін айтып кетіңіз.
Сұрақтарды талқылаңыз:
- Музыкалық жанрларды атаңыз?
- Вокалдық жанрға қандай өнер түрлері жатады?
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстырыңыз.
1-тапсырма. Тыңдау және талдау.
Бекболат Тілеуханның орындауында Абайдың «Сегіз аяқ» әнін тыңдаңыз және әнді талдап, кестені толтырыңыз.
№ мазмұны жауабы
1 жанры
2 екпіні
3 динамикасы
4 орындаушысы
5 аспабы
2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
«Сегіз аяқ» әніндегі нақыл сөздерді тауып, презентация жасаңыз.

3-тапсырма. Ән үйрен және орындау.
Сөзі С. Қалиев, әні Б. Аманжолтың «Достық термесі» тыңдаңыз. Әнді үйреніңіз және орындаңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Ән не жайында?
- Әнде қандай өсиет сөздер айтылған?
- Терме дегеніміз не?
- Термеші деп кімді айтады?

Терме және термеші ұғымымен танысады.
Терме -нақыл, мағыналы, өсиет сөздерден тұратын өлең.Терме – теріп айту деген сөзден шыққан.
Термеші-термені орындаушы.
4-тапсырма. Импровизация
Терме жанрында «Жақсы мен жаман» тақырыбына өз өлеңіңізді шығарыңыз.
5- тапсырма. Таныстырылым және бағалау
Өз шығармаңызды орындаңыз және басқа топтарға баға беріңіз.
Бағалау критерийі:
Өлең тақырыпқа сай;
Өлең ұйқасы қадағаланған;
Нақыл сөздер пайдаланған;
Терме жақсы орындалды..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дұға: Көлікке мінгенде және Жолға шыққанда



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle