Сабақ жоспары (ұмж): Мажорлы көңіл күй 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мажорлы көңіл күй 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: Мажорлы көңіл күй 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру
3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау
3.1.3.6 - нотамен қарапайым әуендер орындау
Сабақ мақсаты: Окушылар
- тыңдалған музыканың көркемдеуші құралдарын анықтайды ;
- музыкалық ладты анықтап үйренеді
- музыкадағы минор мен мажор сипатын танып үйренеді.

Музыкалық сәлемдесу
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, мұғалім!
/ноталарымен орындау/

1 тапсырма. Талқылау
Суреттерге қараңдар.
Сұрақтарға жауап беріңдер :
- Мына суреттерді қалай жұптастыруға болады?
- Қарама-қарсылық туралы не білесіңдер?
- «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбына қандай мысал білесіңдер?

2 тапсырма . Музыка тыңдау және талдау.
П. Чайковский
«Марш деревянных солдатиков»,
«Игра в лошадки»,
«Сладкая греза»,
«Старинная французская песня»

Балалар, қазір түрлі музыкалық шығармаларды тыңдайсыңдар. Сіздердің мақсаттарың, сол музыкаға сай қимылды орындау.
/оқушылар музыкаға сәйкес қимылдарды орындайды/

- Неліктен қимылдар әр түрлі болды?
- Музыканың қарама-қайшылығы неде болды?

Музыкалық терминдерді қайталау
Келесі терминдерді қайталайық
- Қай терминдер сендерге таныс, ал қайсысын алғашқы рет көріп отырсыңдар?
- Балалар, мына терминдер: динамика, темп, тембр және сипаты, музыканың көркемдеуші құралдарына жатады.тақтаға мен бұл сөздерді жазып қойдым, енді бірге берілген терминдеріңі тобын анықтайық.

Форте- Пиано /қатты- ақырын/
Аллегро - Анданте /тез-баяу/
Сопрано - Бас / биік әйел дауысы- төмен ерлер дауысы /
Мажор- Минор /көңілді музыка- мұңды музыка/

- Біз тыңдаған музыкалық шығармаларда жоғарыда аталған қай музыка көркемдеуші құралдары кездесті?
- Ал бүгін біз музыкалық лад жайлы сөйлесеміз.

Лад – ол дыбыстардың байланысы мен үйлесімділігі, лад музыканың сипатын білдіреді.
Мажор және минор екі қарама-қайшы лад.

- Қалай ойлайсыздар, П.Чайковскийдің қай шығармасы мажорлық, ал қай шығармасы минорлық?
П. Чайковский
«Марш деревянных солдатиков»,
«Игра в лошадки»,
«Сладкая греза»,
«Старинная французская песня»

3 тапсырма. Сыныппен орындау
«Еркем-ай» әнін үйрету
Еркем еркем еркем ай
Еркелеген еркем-ай!
Еркелеген еркемді еркелетсем екен ай!

Сан арқылы топқа бөлу
4 тапсырма. Әнге импровизация жасау
1 топ – динамика қарама-қарсылығы/қатты-ақырын/
2 топ – екпін қарама-қарсылығы/тез- баяу/
3 топ – сипатының қарама-қарсылығы /мұңды- көңілді/

Топтың мақсаты - қарама-қарсылықтың ауысуын нақты орындау.
Бір-бірін бағалау сағат тілінің бағытымен бағалау.
1 топ 2 топты бағалайды
2 топ 3 топты бағалайды
3 топ 1 топты бағалайды.

сұрақтар +++ ++ +
Барлық қатысушылар әннің сөзі мен әуенін дұрыс орындап шықты
Топтың ансамблі жақсы болды
Топ қатысушылары қарама-қарсылықтың ауысуын нақты орындады
Аспаптар қызықты қолданылды
Әр топтан бір спикер шығып, бағасын береді........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Иман үйіру дұғалары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle