Туған өлкем Атырау


Туған өлкем - Атырау Көне тарихтың қай бетін ашып қарасаңыз да , халқымыз тыныштық пен татулықты ең бірінші мақсат етіп қойып
келген. Бұған халық арасындағы "Бірлік бар жерде тірлік бар" "Ырыс қайда барасың - ынтымақққа барамын" "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген дана сөздер дәлел. Қасиетті де қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата - бабамның мекені. 

Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан. Атырау қаласы 1640 жылы құрылған, көпті көрген қала деп айтуға болады. 1991 жылға дейін Гуреев деп аталып, 1992 жылдан бастап Атырау деп өзгерді. Облыстың басқарушы әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Атырауда  640 мыңнан астам халық бар. Көптеген ұлт өкілі бір отбасының баласындай тату - тәтті ғұмыр кешуде. Атырау деген үлкен отбасының ішінде бір үзім нанды бөлісіп жегендей бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Бұл бабадан қалған дәстүр, қанға сінген әдет. 

Атырау - мұнайлы астана. Облыстың жер қойнауынан шығатын ірі қазбаларының ішіндегі аса бай, әрі негізгісі мұнай. Атырау облысында 7 аудан бар. Қызылқоға, Исатай, Жылой, Құрманғазы, Мақат, Махамбет, Индер.

Атырау қаласының өзі өте әсем, көрікті жерлері көп. Исатай мен Махамбет батырларымыздың атында үлкен алаң бар. Алаңда аталарымыздың аттың үстінде отырған мүсіні және әдемі тастарға өлеңдері қашап жазылған. Сондай ақ қала тұрғындары серуендеп, демалып қайтатын жерлер өте көп.  Ең бір ерекшелігі Атырау европа мен азияны бөліп тұрған қала. Яғни 10 минут ішінде Азиядан Европаға немесе керісінше бара аласыз. 

Осы жылдарда тәуелсіздігіміздің жеткен әрбір жетістігімізге мызғымас бірлікпен , жасампаз тірліктің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Алысты жақын, жатты жекжат етер, ел мен елді таныстырып, табыстырып дәнекер ретінде жауапкершілік сақтаймыз.

Абдолова Айдана
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

журналистика мамандығының 1 курс студенті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу