Сабақ жоспары (ұмж): Табиғат әуендері 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғат әуендері 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тірі табиғат»
Сабақ тақырыбы: Табиғат әуендері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру
3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату
3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- Абайдың және Э.Григтің шығармаларын тыңдай отырып салыстыруды үйренеді
- Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін үйренеді.

Музыкалық сәлемдесу
Сыныпта жағымды ахуал орнату, өткен сабақты қайталау
«Сыртқы және ішкі шеңбер» жаттығуы
Ішкі шеңберде тұрған оқушылар 1 сұрақ дайындайды, сыртқы шеңберге сұрақ қояды. Сыртқы шеңбер сағат тілімен қозғала отырып ішкі шеңбер оқушылары қойған сұрақтарға жауап береді.
Балалар өткен сабақтары біз халық әндерін, аспаптармен таныстық. Ал бүгінгі сабақта табиғат туралы айтылған әнмен танысамыз.

1 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау
Музыкалық шығармаларды тыңдаңыз:
1 әуен Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңдаңыз.
- Әннің ырғағы мен екпіні қандай?
- Бұл өлеңді неміс ақыны Гётеден М.Лермонтов орыс тіліне, ал Абай Құнанбаев қазақ тіліне аударып, тек қана өлең қылып шығармай, ән қып жарыққа шығарды.

2 әуен. Эдвард Григ «Утро» шығармасы тыңдатылады.
- Балалар, музыканы тыңдаған уақытта көздеріңізді жұмып, бұл музыканың табиғатпен қандай байланысы бар жөнінде ойланыңыздар. Сонымен қатар алдыңғы тыңдаған әуеннен қандай айырмашылығы бар соған назар аударыңыздар.

2 тапсырма. Тыңдалған музыканы талдау
- Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз.
- Табиғаттың дыбыстары естілді ме?
- Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар?
-Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз?

3 тапсырма. Ақпарат іздеу.
Сынып екі топқа бірігеді
1 топ – Абай
2 топ – Э. Григ
Композиторлардың шығармашылығымен танысыңыз: Абай Құнанбаев, Эдвард Григ.
Абай деген кім? Бір-сөзбен ғана ойыңызды білдіріңіз
Мүғалім тақтаға непесе флипчартқа Абай және Эдвард Григ деп жазады. Оқушылар Абай Құнанбаев және Эдвард Григ туралы мұғалім дайындаған ақпараттарды оқып 3 минут дайындалады.
Кейін композиторлардың есімін естігендегі ассоциация туатын бір сөзбен суреттейді.
Әр топ өз постерлерін жасап дайындалады
Презентация
Топтар өз жұмысын сыныпқа презентациялайды.

Оқушыларға әлем қартасы көрсетіледі, олар картадан екі композитордың туған елін табады.

4 тапсырма. Ән үйрену және орындау
«Қараңғы түнде тау қалғып» Абай.
Әннің әуенін үйрену.
Әннің әуенін мұғалім Ре минор тональдігінде нотамен айтады, оқушылар қайталайды.

Мұғалім әнді үйрету барысында әннің сипатын жеткізіп орындау жөнінде ескертіп отырады.

5 тапсырма. Нота сауаттылық
Әннің әуенін нотаға салу.
Оқушылар өткен сабақта үйренген «ре» нотасын естеріне түсіреді.

Мұғалім айтқан әннің ноталарын нота сызығына орналастырады.
«ре-ре-ми-фа-ми-ре-ми-фа-ми »
«ми-фа-соль-ми-фа-соль-ля»
«фа-ми-ре»
Визуалды түрде дыбыстың төмен және биіктігін қадағалап отыру арқылы оқушылар таза дыбыспен айтуды үйренеді.

Дифференциация:
Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Емханаға тіркелудің қандай жолдары бар?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle