Сабақ жоспары (ұмж): Табиғат әуендері 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғат әуендері 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Таңертең бір стақан ыстық су ішіңіз

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат.
Сабақ тақырыбы: Табиғат әуендері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;
3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау.
Сабақ мақсаттары: - «Күзгі әуен» әнін Хадиша Шалабаеваның орындауында тыңдайды және талдайды;
- Ұсынылған ноталар көлемінде әуен құрастырады және орындайды ноталармен жұмыс жасайды;
- «Радуга», «Қобызым» және «Кең дала» әндерін қайталаймыз және мәнерлеп орындаймыз.

Музыкалық сәлемдесу.

Дауысқа арналған музыкалық жаттығу
Тоқ- тоқ,тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Тоқылдайды тоқылдақ,
Тоқ-тоқ-тоқ

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.
Әні мен сөзі Иса Омардың «Күзгі әуен» әнін Хадиша Шалабаеваның орындауында тыңдаңыз бейнебаянын тамашалаңыз.
Сұрақтарды талқылаңыз:
- Ән не жайында?
- Композитор шығармасында күзді қалай суреттеп жеткізген?
- Шығарманың көңіл-күйі қандай?
- Композитор қандай дыбыс бояуларын қолданған?
-Шығарма қай жанрға жатады?
- Бейнесюжет әннің мазмұнын ашып тұрма?

2-тапсырма. Нота сауаты.
До, ре, ми, фа, соль ноталардың көлемінде әуен құрастырыңыз. Оларды нота сызығына орналастырыңыз, дәптерге жазыңыз. Өз әуеніңізді орындап беріңіз.
- Сіз бұл әуенді қалай өзгертер едіңіз, ойланыңыз?
Әуенге өзгерістер енгізіңіз, нота дәптеріне жазып, сыныптастарыңызға көрсетіңіз.


3-тапсырма. Әндерді қайталау.
Топта өткен әндерді қайталап, мәнерлер орындаңыз. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз.

1-топ. «Радуга» әні
2-топ. «Қобызым» әні
3- топ «Кең дала» әні.........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Балық майы сіздің денсаулығыңыздың қорғанышы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle