Жыл құстары - Абдрахман Асылбеков

Жыл құстары - Абдрахман Асылбеков


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Көзді қалай емдеуге болады?

Жыл құстары көктемде
Керуендеп келеді.
Күн қызуын төккенде,
Серуендеп келеді.
Оңтүстікте көп жерде
Болғандығын айтады.
Айдын-айдын көлдерге
Қонғандығын айтады.
Тәтті тұрмыс аңсаған
Балаларды айтады.
Бала күтіп шаршаған
Аналарды айтады.
Бізге достық сәлемін
Жолдағанын айтады.
Бейбіт күнді әлемнің
Қолдағынын айтады.
Біздің елдей бай елді
Көрмегенін айтады.
Әділдікпен әлемді
Тербегенін айтады.
Қуанышпен жыл құсын
Жылда қарсы аламыз.
Мақтап елдің тұрмысын,
Шырқап әнге саламыз.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Нан қандағы қант деңгейін төмендетеді





Комментарии для сайта Cackle