Бүгінгінің шындығы - Абдрахман Асылбеков

Бүгінгінің шындығы - Абдрахман Асылбеков


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Пайдалы Kеңестер

Бабам ертегі айтыпты
Ұшқыр кілем жайында.
Бір сәтте ұшып қайтыпты
Барар жолды айында.
Ертеңді ертек етіпті,
Сөзін тізіп маржандай.
Бабам солай өтіпті,
Көкке ұшуды армандай.
Айға ұштым мен бүгін,
Таңдандырып әлемді.
Үзіп тартыс теңдігін,
Кеттім кезіп әлемді.
Көз ұшында құлдырап,
Ілесе алмай ай қалды.
Зымыраным зыңғырап,
Күн шеңберін айналды.
Емес енді жер тегі
Кеңістіктің кіндігі.
Кешегі айтқан ертегі
Бүгінгінің шындығы.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бас ауруы,себептері мен емі





Комментарии для сайта Cackle