Есірткісіз өмір ғажайып!


Есірткісіз өмір ғажайып!

         Мен өзімді бақытты ұрпақпын деп есептеймін. Себебі, ата-бабаларымыз бізге осынау ұлан-байтақ жерді, тыныс алатын ауаны, қаншама байлықты және рухани мәдениет пен өркениетті,  ғажайып бейбіт  өмірді сыйға тартып кетті.  Бізге осыншама байлықты «Сендер де  келер ұрпаққа дәл осындай етіп қалдырыңдар» деп аманат етті. Сондықтан мен бабалар аманатына қиянат жасамай өзімнен кейінгілерге табыс ету парызым.  Осы сенімді ақтау үшін  не істеуім керек?  Ол үшін жаман әдеттерден аулақ болып, тәрбиелі , әдепті, білімді, тәртіпті, денсаулығым мықты, отанға адал болуым шарт.  Өмір адамға бір ақ рет беріледі, сол өмірді мәнді, мағыналы, мазмұнды етіп өткізу өз  қолыңда! Теріс қылықтарға бой алдырмай , өмірде кездесетін түрлі қиындықтарға мойымай,  мақсатыңа жету жолында түзу жүрсең, өмірдің саған берер сыйы аз болмайды. Болашағыңа үлкен сеніммен қарап, ғажайып өміріңді көз алдыңа елестетсең, өте керемет! Армандаған мамандық иесі болып, сүйген адамыңмен отбасы құрып, бақытты ғұмыр кешу қандай ғанибет.  Көп адамдар ерік-жігерінің әлсіздігінен есірткіге елітіп, әзәзілге ереді,  аз уақыт ішінде оған  тәуелді болып, құрдымға кеткенін  білмей де қалады. Ата-анасының үмітін ақтамаған мұндай жандардың  келешегі жоқ, оларда отбасы, бауыр, отан деген ұғым да болмайды. Әсіресе қазіргі жастардың көпшілігі есірткі деген уытты затқа үйірсектеп,  уақыттарын босқа өткізуде. Олар теріс жолға түсіп бара жатырғанын ертерек түсініп, қоршаған ортасына, айналасындағы жақын жандарға тек қана жақсы, игі істерін арнаса екен.  Сондықтан, мен өзімнің достарыма, сыныптастарыма үндеу жариялаймын.  Қадірлі менің достарым! Біз Қазақстан атты елдің ертеңіміз, отанымызды көркейтіп дамытуға міндеттіміз, ол үшін уақытымызды білім алуға жұмсап, ғылымға бет бұруымыз қажет.      Ақын М.Жұмабаев:     «Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!» деп үлкен сенім артты.

 Осы сенімді ақтайық!

 

 

                                                                           Аралбаева  Нұрсая  Салауатқызы

Қызылорда облысы Арал қаласы

Ж.Әбдірашев атындағы

№62 мектеп-лицейінің

6-сынып оқушысы

                  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу