Серік - Абдрахман Асылбеков

Серік - Абдрахман Асылбеков


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар (Ханафи мәзһабы бойынша)

Жаздан кейін Серікті
Кімдер қайдан көріпті?
Жайлаудан ол қалаға
Қап-қара боп келіпті.
Білектері балғадай,
Екі беті алмадай.
Қандай жұмыс болса да,
Атқарады талғамай.
Көрсе болды қарасын:
«Қарасың, – деп, – қарасың», –
Кейбір бала күлді оған,
Байқамай өз шамасын.
«Қора қышын құйыстым,
Малдың шөбін жиыстым.
Қамыс орып, атамның
Жауып бердім үй үстін.
Қолда қалқан қалағым,
Қабырға да қаладым.
Деді Серік мақтанып, –
Міне, содан қарамын».
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жоғары көтерілгенде және төмен түскендегі дұғасы



00


Комментарии для сайта Cackle