Сабақ жоспары (ұмж): Көркемөнер туындысындағы жұмысты таба аласындар ма? (Музыка, 2 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көркемөнер туындысындағы жұмысты таба аласындар ма? (Музыка, 2 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қасиетті күндерде ораза ұстау

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Көркемөнер туындысындағы жұмысты таба аласындар ма?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.2.1 Қазақстан және өзге халықтардың әртүрлі қолөнер, өнер және дизайн туындыларына қарап, өз іс-әрекетіне қатысты шешім қабылдау
2.2.1.1 қоршаған ортадағы визуалды элементтерді таңдау және пайдалану, оларды өз идеялары мен сезімдерін жеткізу және білдіру үшін қалай қолдану керектігін түсіне бастау
2.2.2.1 материалдар, процесстер және құралдарды пайдалану және тәжірибе жасау
Сабақ мақсаттары: Оқушы көркем туындылардағы мамандықтарды ажыратып олар жайлы қарапайым тілмен айтып және реңктерді жарық көлеңкені бейнелеп үйренеді.

Ұйымдастыру бөлімі
a) сәлемдесу.
ә) оқушыларды түгендеу.
б) өткен сабақты пысықтау
Оқушылармен бірігіп сабақ мақсатын, тақырыбын анықтау.
Сабақ соңында оқушылар; реңктер мен жарық көлеңкені көрсетіп бейнелейді
Балаларға бөлме айналасында галерея ретінде орналасқан мамандықтың әртүрлі түрлерін, мамандықтың бағытын және міндеттерін бейнелейтін бір немесе бірнеше суреттер іліп қоямын. Балалар суреттерге жақындап көрулеріне болдаы. Одан кейін балаларды қасыма шақырып аламында

осы суреттерге қатысты сұрақтар қоя отырып және «Мамандықтар» атты презентациядағы мамандықтарды анықтап, өткен сабақты пысықтаймын
Таңдалған нысан қалай аталады?
Оны не үшін қолданады?
Оны пайдаланатын адамды таба аласын ба?
Содан кейін балаларға көздерін жұмуды ұсынамын және қайтадан көздерін ашуларын сұраймын сол кезде олар тақтадан қоянның көлеңкесін көреді, осы сәтте мен ;
Осындай ойын ойнап көрдіңдерме? Қай жерде? Кіммен ойнадыңдар? Сендер қай жерден көлеңкені байқай аласыңдар? Күннің қай уақытында сендер көлеңкені көрдіңдер? Ал қорыта келе көлеңке пайда болу үшін не керек? Осылайша сабақтың мақсатын анықтаймыз.
Балалар орындарына отырады Енді қайтадан презентацияға ораламызда көркемөнер туындыларындағы жарық пен көлеңкені анықтаймыз, сол кезде қойылатын сұрақтар; Жарық қай жағынан түсіп тұр? Оны қалай білдіңдер? Ал заттың жарық жағындағы түстер қандай болады? Онда көлеңке жағындағы түстер қандай болады? Тамаша балалар.
Енді біз сендермен практикалық жұмысқа кірісейік, бірақ оның алдында практикалық жұмысымыздың талаптарын (критерилерін) анықтап алайық,
-ұқыптылық
-ұқсату
-дұрыс бояу, тамаша.
Жұмысымызды жасауға кірісейік.

Практикалық жұмыс біткеннен кейін оқушылардың жұмыстарынан көрме жасаймыз, сұрақтар қою арқылы жұмыстары талаптарға сай болдыма жоқпа анықтаймыз; Бірінші талапқа сайма? Ұқсата алдыңба? Дұрыс боялғанба?...........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Адамның жасына байланысты атаулар



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle