Сабақ жоспары (ұмж): Әкімшілік – аумақтық бірліктерді ажырату (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Әкімшілік – аумақтық бірліктерді ажырату (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Таң намазының қазасы қалай оқылады?

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің Отаным - Қазақстан»
Сабақ тақырыбы: Әкімшілік – аумақтық бірліктерді ажырату
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.3.1 Түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (округ, аудан, облыс) ажырату.
Сабақ мақсаттары: Әкімшілік-аумақтық бірліктерді ажырату.

(Ұ) (ОТ) Талқылауға арналған сұрақтар: Оқушылардың мүмкіндігіне қарай еліміздің түрлі дәрежедегі аумақтарын білгендерінше аттарын айтқызуға болады.
3 сыныпта өткен қала, елді мекендер бойынша еске түсіріп, бүгінгі оқу мақсатына бағытталған, сұрақтарға жауап береді.
- Сендер қай өлкеде тұрасыңдар?
- Сендер тұратын облыс қалай аталады?
- Сендер қай қалада/ауылда/кентте тұрасыңдар?
(МК) Әкімшілік аумақ деген не?
Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.
Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi.
Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер; ауылдарға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.
Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.
-Өз қалаларыңның немесе елді мекендеріңнің көлемі қандай?
-Неліктен аймақтар облыс, қала, аудан, елді мекен деп бөлінеді?
-Сендер қандай облыста тұрасыңдар?
Аталмай қалған өз өлкелері болса қосымша ақпарат беру арқылы аталған жерлердің округ, аудан, облыстарға ажырата білулеріне мумкіндік жасау.
(Ж) Картамен жұмыс
Еліміздің облыстары туралы бейнеролик көрсету.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.
Астана қаласы — Қазақстанның елордасы.
Алматы қаласы — республикалық маңызы бар қала.
Байқоңыр — республикалық маңызы бар қала, Байқоңыр космодромымен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілген.
86 қала, оның 41-і – республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.
(Ж) Оқушыларға Қазақстан картасындағы 14 облыстарды қиып беру. Әр топ облыстарды біріктіріп (мозайка) әдісімен облыстарды дұрыс орналастыру қажет.
(Т) Оқушылардың таныстырылымына арналған деректерді табу көздеріне бағыт бағдар беру.
Сыныпты бірнеше топқа бөлу.
1-топ Батыс Қазақстан экономикалық аймағы;
2-топ Шығыс Қазақстан экономикалық аймағы;
3-топ Солтүстік Қазақстан экономикалық аймағы;
4-топ Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағы;
5-топ Орталық Қазақстан экономикалық аймағы.
(ҚБ) Әр оқушы берілген аймақ бойынша таныстырылым жасайды.
• Облыс атауы (Алматы облысы)
• Орталығы (Талдықорған қаласы)
• Көлемі (картадағы көлемін салыстыру үлкен, кіші, орта)
• Қанша аудан бар?
бөлінген аймақтар бойынша жарнама жасау.
(Дифф) А тобы. Таныстырылым жасап болған соң әр топ бір сұрақтан дайындап өзара сұрақ алмасады.
Б тобы. Қазақстан картасын пайдаланып, облыс, қалалардың орналасуын анықтау.
В тобы. Белгілі бір аудан, аймақ, ауыл карталарын пайдалану арқылы мысалдар келтіріп атауларын атау.
Үйге тапсырма. Әр топ өз қорғаған аймақтары туралы тың деректер алып келіп, жасаған жарнамаларын кеңейтуді тапсыру............

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дерттерден, аурудан, қиыншылықтардан құтылу үшін оқылатын дұғалар бар ма?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle