Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығына әсері (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығына әсері (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Ақша ма, махаббат па?

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің Отаным Қазақстан»
Сабақ тақырыбы: Табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығына әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
-ауыл шаруашылығына табиғи жағдайлардың әсерін талдайды.

1. «Шеңбер»тәсілі (топпен)
-Табиғи жағдайларға не жатады?

Оқушылар топта "табиғи жағдайлар"тақырыбы бойынша кластер құрып жұмыс істейді. Бұл тапсырма бар білімді жаңғыртуға бағытталған. Жұмыстарды тексеру шеңбер бойынша, топтан топқа беріліп жүргізіледі.

2. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- ауыл шаруашылығына табиғи жағдайлардың әсерін талдау.
3. Тақырыпқа кіріспе. Картамен жұмыс: берілгендерді салыстырыңдар (сұрақ жауап).
-Картаны қарастырыңдар.
- Біздің өлкеміздің жер бедері қандай?
- Біздің өңірдің климаты қандай?
- Біздің облыста қандай өсімдіктер өсіріледі?
- Мұнда қандай жануарларды өсіруге болады?
- Қызылорда облысында күріш неге өсіріледі?
Оқушылар алған білімдері мен карта мәліметтеріне сүйене отырып,мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

4. Логикалық тізбек
- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар және "экспорт" және "экспорттық өнім"деген сөздерді қолданып логикалық тізбек құрастырыңдар.
Оқушылар топта жұмыс істейді. Қағаз парағына жоғары өнім мен өнім экспорты арасындағы себеп-салдарлық байланысты белгілей отырып, сөздер тізбегін жазады.

Бағалау критерийлері:
-оқушылар ұғымдар тізбегін жасайды: бидай - жоғары өнім –экспорт – экспорттық өнімі.

5. Зерттеу жүргіз(жұппен)
-Елімізде дамыған мал шаруашылығы саласын атаңдар. Оларды картадан көрсетіңдер.
- Қазақстанда осы жануарларды неге өсіретінін түсіндіріңдер.Маралдар мен түйелерді өсіру үшін қажетті жағдайларды анықтаңдар. Зерттеу нәтижесін кестеге жазыңдар.
Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Әрбір оқушы мал шаруашылығының бір саласын атайды және Қазақстанның нақты осы өңірде оның даму себебін дәлелдейді. Осылайша алынған деректер кестеге енгізіледі.

Бағалау критерийлері
-оқушылар мал шаруашылығының негізгі салаларын атайды;
- өңірдің табиғи жағдайлары мен мал шаруашылығы саласы арасындағы байланысты, оның ішінде маралдар мен түйелерді өсіру үшін қолайлы аймақтарды анықтайды.

6. «Жарнама агенттігі» ойыны (топта)
-Біздің өлкемізде өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерінің жарнамасын жасаңдар. Немесе біздің облыста өсірілетін жидектердің, жемістердің, көкөністердің суреттерінен фотоколлаж жасаңдар. Жарнамалық ұран ойлап табыңдар.

Оқушылар топта жұмыс істейді, өз қалаулары бойынша жарнамаға арналған өнімдерді таңдайды. Дайын өнімді сыныпқа ұсынады.

Бағалау критерийлері:
- оқушылар өз өлкесіндегі мал шаруашылығы және/немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін дұрыс анықтайды;...........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақтар көрген түсті қалай жорыған?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle