Сабақ жоспары (ұмж): Көшбасшының тұлғалық қасиеттері (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көшбасшының тұлғалық қасиеттері (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ӨТ ЖОЛДАРЫН ЕМДЕУ...

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Көшбасшының тұлғалық қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):4.1.2.2 оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау.

(Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.
(Ұ) «Адасқан әріптер»
Мақсаты: жасырын сөздерді анықтап, сабақтың тақырыбына болжам жасау.
К А Ш Ы Ш С Ө Б
Оқушылар табылған сөз бойынша болжам жасайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Бағалау критерийлерін шығару.
(МК, Ұ) «Сен білесің бе?»
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту
- Көшбасшы деген кім?

/Оқушылар өз ойларын ортаға салады, берілген сөздің анықтамасын беру барысында сөз құрамына мән беруіне мұғалім түрткі болу керек. Оқушылардың ойлары тыңдалады, ауызша бағаланады/.
(МК, Т, Ө) Суретпен жұмыс. «Көшбасшы тұлғалар» Сипатта.
Мақсаты: Тұлғалық қасиеттерді анықтау.
Оқушылар топқа бөлінеді. Әрбір топқа атақты тұлғалар, көшбасшылардың суреттері беріледі.
Тапсырма: Суретте берілген тұлғаны сипатта.
1-топ: Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би
2-топ: Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев
3-топ: Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М Жұмабаев
4-топ: Өнер адамдары: Н Тілендиев, Ш.Жиенқұлова

/Әрбір топ берілген сурет бойынша постер құрастырады, ұжым алдында қорғайды, қажеттілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/.
(Ұ) «Ортақ қасиетті анықта»
- Жоғарыда аталған тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсындар?
• Оқушылар ортақ қасиеттерді тауып, жазады.
• Сызба бойынша көшбасшы сөзіне түсініктеме беріледі.

/Оқушылар сызба бойынша анықта құрастырады.
Оқушыларға анықтама беріліп, салыстырмалы талдау жасалады.
Көшбасшы – көшті бастаушы әрі басқарушы. Қазақстанның көшпелі мал шаруашылығынана сай қазақ қауымы жиі-жиі қоныс аударып, көшіп-қонып өмір сүрген. Көшті жөн-жосықты жақсы білетін, жер-су жағдайымен жете таныс Көшбасшы басқарған. Кейде ұзақ көш жолдарымен көшуге тура келіп, көптеген елді мекендерді басып өтетіндіктен Көшбасшылыққа ел мен жер тарихымен, жергілікті ру-тайпалардың әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс, көпті көрген, көне көз адам тағайындалған. Көшбасшы көштің бағдарын, уақытын, тәртібін ғана қадағалап қоймай, ру аралық қақтығыстарды болдырмайтын мәмілегер, бітімгер, саясаткер адам ретінде көш қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
(МК, Ұ, Ө) Дебат әдісі. «Пікіріңмен бөліс»
Оқушылар «Әрбір оқушы көшбасшы бола алады» және «Әрбір оқушы көшбасшы бола алмайды» тақырыбында пікір таласады.
(Т) (Қ) «Интеллект карта» әдісі
Көшбасшылыққа тән қасиеттердің интеллект-картасын жасайды (білімді, кез – келген жағдайда шешім қабылдайтын, толерантты, белсенді, көреген, әділ, басқалардың пікірлерімен санасатын т.б.)
/Оқушылардың білімі интелект-карта әдісі арқылы бағаланады/.........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Сүйген жан!



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle