Телекоммуникация

Телекоммуникация

Телекоммуникация туралы мәтін

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ауылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға ХХ ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейнекөрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіруді шартараптандыру – әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру – UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүниежүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты біржақты, кеңінен (желіден абоненттерге) 20 тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі – телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды. Телекоммуникация (Telecommunications) – компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметтерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; арақашықтықтық байланыс; мәліметтерді арақашықтыққа жіберу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!