Мақтаншақ - Абдрахман Асылбеков

Мақтаншақ - Абдрахман Асылбеков


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ұл бала тәрбиелеуші аналарға 15 кеңес

– Мақтаншақ деп, балалар,
Текке мазақ етпеңдер.
Өнерімді санап ал,
Тым алысқа кетпеңдер.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
– Бос мақтанбай сен енді,
Бар үйіңен, қайта бер.
Болсаң егер өнерлі,
Біз тыңдайық, айта бер.
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
– Суда жүзіп балықтай,
Толқынында ойнаймын.
Кешке дейін жалықпай,
Толқынында бойлаймын.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
Сүңгимін деп анада,
Суға тастай батқан кім?
Есін білмей, жағада
Есеңгіреп жатқан кім?
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
– Ауыздықпен алысып,
Мінем асау тайға да.
Жүйрік желмен жарысып,
Шабам үйді айнала.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
Құлағансың аттан да,
Достым, бекер мақтанба.
Сен жығлып жатқанда,
Қызығыңа батқан кім?
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
– Баласымын малшының,
Қозыны да баққанмын.
Теңдесі жоқ аңшымын,
Қасқырды да атқанмын.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
– Қара мұның пысығын,
Тек ойынды баққан кім?
Барыс деп өз мысығын,
Абайламай атқан кім?
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
– Оқуға да талапты,
Баға жетпес баламын.
Бір қарасам сабақты,
Кілең бестік аламын.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
– Сабағыңа келгенде,
Бағыңды да білеміз:
Ұяламыз көргенде,
Күнделігің кілең «үш».
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
– Жақсы айттыңдар, достарым,
Салыныппын мақтанға.
Мақтан мені босқа құр
Түсіріпті қақпанға.
Ой, ой, балалар,
«Бестік» болсын бағалар.
– Достың қателескенде,
Мазақ етіп күлмеңдер.
Осылайша өзгең де,
Бос мақтанып жүрмеңдер.
Ой, ой, балалар,
«Бестік» болсын бағалар.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Чипстегі үлкен қауіп





Комментарии для сайта Cackle