Сабақ жоспары (ұмж): Отбасы бюджетін оңтайландыру жолы (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Отбасы бюджетін оңтайландыру жолы (Дүниетану, 4 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Отбасы бюджетін оңтайландыру жолы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу
4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау
4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдайды
4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары: Оқушылар отбасының маңыздылығын тусінеді, мүшелерінің функционалдық рөлін, отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдайды, «Жоспар», «Бюджет» ұғымдары туралы түсініктерін әңгімелейді.

1.(Ұ) Шаттық шеңбер
Өткенді қайталау.
- 1 бөлім бойынша қандай мәлімет алдық?
(Оқушылардың мүмкіндігіне қарай еліміздің түрлі дәрежедегі аумақтарын білгендерінше аттарын айтқызу)
Бүгін біз жаңа тарауды бастаймыз «Адами құндылықтар» -деп аталады.
«Құндылықтар» деген сөзді қалдай түсінесіздер?
«Бұл өмірде адам үшін құнды нәрсе не екен деп ойлайсыздар?»
Адам үшін –отбасы ең құнды және маңызды орта. Бұл ортада адам өмірге келген соң өседі, дамиды және тәрбие алады.
Оқушыларға «отбасы» сөзіндегі әріптерге ассоциация сөздерің құруды ұсыну.
Мысалы: О ошақ қасы, Т тәуелсіз. Б бақытты, А арманшыл, С сүйікті, Ы ынтымағы жарасқан.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттармен таңыстыру.
2. Қызығушылықты ояту кезеңі: Қалай ойлайсыңдар бұл не?
Жауап: Бұл-отбасы бюджетінің жоспары.
3.(Ж) Ассоциация құру:
1 – топ «Жоспар» сөзіне, 2 топ – «Бюджет» сөзіне ассоциацияларыңды жазыңдар. (жеке, жұппен пікір алмасып, ортақ пікірлерін ортаға салады.)
4.Мағынаны ашу кезеңі.
Сөздердің мағынасын ашу:
«Қазақ түсіндірмелі сөздігінен» осы ұғымдардың түсініктерін қарап шығайық:
Жоспар - белгілі бір жұмыстың алдын ала жасалған жобасы.
Жоба – бір істі жүзеге асыру, орындау үшін жасалған нұсқа.
Бюджет – мемлекет, әр түрлі мекемелердің кіріс, шығыстың сметасы.
Смета – алдын ала жасалатын кіріс пен шығыстың есебі.
Мәтінмен жұмыс.
«Бюджет»- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен.Біз әр күнімізді,мерекені,жұмыстың бәрін жоспарлаймыз.Сол секілді ақшаны да санап,жоспарлы жұмсаған дұрыс.Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындарды тиімді құрастырып,есептеп отыру.
Бюджет қалай тиімді болады? Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет.
Кірістер дегеніміз – барлық ақшаларыңыз. Шығыстар дегеніміз жаратылып жатқан ақша. Кірістерге шәкіртақы,зейнетақы,айлық жалақы,құнды қағаздар,жәрдемақы.т.б жатады.
Шығыстарға –салық,азық –түлікке жұмсалатын қаржы,киім- кешек,жиһазға жететін қаржы.
5. «Отбасы бюджеті»ойынын ойнаймыз.
Осы сөздер қайсысы кірістерге, қайсысы шығыстарға жатады?
1.Отбасының айлық жалақысы
2.Көлік үшін жұмсалатын қаржы
3.Тамаққа жұмсалатын қаржы
4.Шәкіртақы,зейнетақы,жәрдемақы
5.Құнды қағаз
6.Жалданған пәтер үшін ақы алу.
7.үйірме,секция,репититорлық қызмет көрсету.
8.Сыйақы
9.Әр түрлі салықтар,комуналдық қызмет пен несие.
10.Киімге,жиһазға жұмсалатын қаржы.
11.Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы
12.Тұрмыстық мәдени қызметтер. (кино,театр,музей,туған күн, той)
13.Үнемдеу,жинақ соммалары
14.Жоспарланбаған шығындар.

Жауабы:1,4,5,6,8,11,13- кірістер
2,3,7,9,10,12,14 – шығыстар.

6. Қосымша тапсырма: ТЕСТ сұрақтарына жауап беру.
1.Отбасылық бюджет ол-
А)Белгілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі.
Ә)ақшалай немесе заттай құндылық
Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар,қарыздар,кірістер,шығыстар және т.б қажеттіліктер жазатын журнал.
2.Табыс дегеніміз-
А) шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар.
Ә)тепе –теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер
Б)өндірістен,жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар.
3.Болжам жасалынбаған шығыстар:
А) тамаққа
Ә)коммуналдық қызмет
Б) тұрмыстық мәдени шығын
4.негізгі сатып алу ережесі:
А)кездейсоқ сауда жасау.
Ә)заттың сапасын,кепілдік мерзімін көру
Б)ыңғайлылығы, қолайлылығы
В) сапасы,ерекшелігі
5.Зат қандай талаптарға жауап береді?
А)құны,бағалы
Ә)ыңғайлы,қолайлы
Б)ерекше,сапалы
6.Отбасылық қажетіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?
А)Тамақ пен киімге жұмсалған қаржы
Ә)білімге,қоғаммен араласуға
Б)үйге,жиһазға,тұрмыстық заттар жұмсалған қаржы
7. Қорытынды.
-«Табыс» деген сөз нені білдіреді?
- Отбасы табысы дегеніміз не?
-Жоспарлау дегеніміз не?
-Үй экономикасының маңызы неде?
-Үй бюджеті дегеніміз не?........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Емханаға тіркелудің қандай жолдары бар?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle