Бесік туралы мәліметтер мен пайдалы кеңестер

Бесік туралы мәліметтер мен пайдалы кеңестер


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Ораза. Ауызашар дайындауға пайдалы кеңестер

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп айтып кеткеніндей, отбасындағы тәрбиенің басы тал бесіктен басталады. Бесіктің бала тәрбиесінде алар орны қандай? Бесік жырының маңыздылығы қандай?

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде бесік туралы мәліметтер көп кездеседі. Ертегілерде, мақал-мәтелдерде, әндер мен өлеңдерде де бесік туралы айтылады. Өйткені, қазақтар бесікке үлкен мән беріп, қасиетті мүлік деп есептейтін.

Бала өміріңнің жалғасы. Жас нәрестенің дүниеге келуі отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш. Туылған баланы кіндігі түскен соң бесікке салған. Халқымыз қастерлеген бесікті ең алдымен, баланың тазалығына, аяқ-қолы мен денесінің түзу болып қалыптасуына тигізер пайдасы орасан. Нағашы жұрты әкелген бесікке әулет әжелері ерекше ықыласпен қарап, оның жөн-жоралғысын жасаған.

Нәрестені бесікке салмас бұрын «тыштыма» жасалады. Тәттілерді түбектің ойығынан салып, бесік астынан уыстап алынған тыштымаларды жас бүлдіршіндерге таратады.

Кәрі сүйектен жасалған шүмек баланың тазалыққа үйреніп, төсегін былғамауға және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Сәбиді ақ мамығына жатқызған соң, өз атасының шапанын, жібек маталар, ат әбзелдері мен әкесінің зерлі белбауы секілді заттарды бесік үстіне жабады.

Қазақ мұрагерімнің болашағы мықты болсын деген ниетпен түрлі дәстүрді ұстанған. Баланы бесікке салған аналар бесікті алып қашу салтын жасаған. Ілгеріде әжелеріміз немерелерін бесікке салғанда үстіне мініп, Қаратаудың басына қарай алып қашып кеткен екен.
Бесік – өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Қазақ баласы бесік жырын тыңдап өскен. Бесік жыры арқылы көркем мінезді қалыптастырып, ұлттық құндылықты бойына сіңірген. Көшпелі өмірге өте қолайлы болғандықтан, балаларымыз баланы бесікке салып өсірген. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

Бесікті қашан және кімнің ойлап тапқаны белгісіз, бірақ ғасырлар бойы бұл көшпелі қазақтың өмірінің ажырамас бөлігі болып келді. Және бұл үшін нақты себептер болған. Мысалы, бір жерден екінші жерге көшіп жүргенде, бесікті түйемен немесе атпен алып жүру ыңғайлы болды және тиісінше баланы қолда ұстап отырудың қажеттілігі болмады. Ал киіз үйде бесік биік аяғының арқасында, баланы сыз бен желден қорғады. Ал бесікке қойылатын бірегей бөлігі – түбек баланың ұйықтап жатқанда да астының құрғақ болып тұруына мүмкіндік берді.

Бесікті көбіне қарағайдан, қайыңнан немесе басқа да иілгіш ағаш түрлерінен жасайды. Осының арқасында бесік мықты, экологиялық түрде таза және жеңіл болды.

Қазақ бесігінің дизайны бірегей. Бесіктің сыртқы бөлігі оның корпусы. Бесікте сүйектен жасалған шүмек арқылы зәр ағатын түбек бар. Сондай-ақ, бесіктің мынадай құрамдас бөліктер бар:

Ши (сабан) – түбекке арналған дөңгелек тесігі бар жұқа сабаннан жасалған төсеніш.

Жөргек (жаялық немесе матрас) – бұл шидің үстіне төселетін жүннен жасалған төсеме.

Құс төсек (мамық төсек) – бұл да шидің үстінен төселеді.

Жастық – бесіктің еніне сәйкес жасалған аласа жастық.

Көрпе – жазда жабуға арналған жұқа немесе қыста жабатын баланың жылы көрпесі.

Кепіл – (тіреніш) – баланың аяғы мен жамбас бөлігінде тұратын кішкентай жастықтар.

Тартпа бау – (белбеу) – сәбиді байлайтын жалпақ баулар. Бір бау кеуде аймағын, екіншісі – баланың тізе аймағындағы аяғын орап өтеді.

Жабу – (жамылғы) – бұл бесікті толығымен жауып тұрады және баланы жәндіктерден, жел өтінен және бөтен адамдардың көзінен қорғайды. Жабу жеңіл матадан да, тығыз матадан да болуы мүмкін.

Бесіктің артықшылығы мен кемшілігі

Бесік тәтті ұйқының кепілі ғана емес, сондай-ақ тәрбиемен және сәбидің анамен рухани байланыс орнатуының элементі деп саналады. Бала онда жатып, анасы шырқаған бесік жырын естиді. Әуеннің мотиві мен ананың дауысы балаға өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді, ал бесікті тербеу нәрестені тыныштандырып, жүйке жүйесінің дұрыс дамуына көмектеседі.

Баланың қолы мен аяғы мықтылап байланып тұратындықтан, бұл оған қолының сермеуінен ойнып кетпей, ұзақ уақыт бойы тыныш ұйықтап жатуына мүмкіндік береді. Ал, бесікке орнатылған түмек аналарды сәбидің жаялығын уақытында ауыстыру қажеттілігі туралы алаңдаушылықтан босатады. Сонымен қатар, баласы бесікте жатқан аналар әрдайым нәрестені біраз уақытқа жалғыз қалдырып кетсе де, сәби одан құлап кетеді деп алаңдамайтын. Және бесiкте жатқан балалар қыңыр емес, тыныш, сабырлы болып өседі деп саналады.

Бесіктің кемшілігіне, бала көп жағдайда қозғалмай жататындықтан сәбидің қан айналымы нашарлайды деген деректі жатқызуға болады. Сондай-ақ, шүйдеге арналған шұңқыры бар арнайы жастық болмағандықтан, ол жалпақ болып кетеді деген түсінік бар.

Бесік қайдан пайда болды?

Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған. Айдархан бидің әкесі, төңірекке белгілі Мизам баба, қазақ даласына ағаш отырғызумен, орманды көбейтумен айналысса керек. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріпті. Өзі сүрген ғұмырында еккен көшет-талдардан үлкен бау-бақшалар өсіп шығыпты.

Мизам бабаның о дүниеге сапар шеккенінен хабардар қытайлар, бақилық бабаның еңбегін көреалмаушылықпен өртеп жіберіпті. Сол уақытта Мизам бабаның баласы, Айдархан би, алыс ауылға сапар шегіп кеткен екен. Би түсінде әкесін көреді, лезде бір сұмдықтың болғанын сезген ол, үйге қарай аттың басын бұрады. Ауылға асығыс жетіп, ну орманның орнында шөл далаға айналған ауылын көріп қатты қапаланады…

Бірақ жылдар өте береді… Айдархан би үйленіп, ең тұңғышы туылады. Бірақ туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер де көмектесе алмайды. Бір күні бала жылауын тоқтатады. Әкесі қуанып кетіп, жүгіріп үйге кірсе, оны ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық бұтақтарға жатқызып, сәбиді тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде, ақсақал ғайып болады. Оның орнында қалған ағаш бұтағымен Айдархан, қазіргі «бесік» деп айтылып жүрген бұйымды жасайды.

Осылайша, «бесік» көшпелі қазақ халқының ажырамастай мұрасына айналады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақтың қара сабыны жайлы не білеміз



00


Комментарии для сайта Cackle